Өлең, жыр, ақындар

«Жұмысқа қалай тез орналасуға болады?» тренинг сабақ

Шымкент қаласы Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі
Педагог-психолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Жолымова Света Камалқызы

Мақсаты мен міндеті: өзін-өзі тани білуді және өзіне презентация (ресми түрде жариялауды) жасай білуді қалыптастыру. Оқушының кәсіби қабілеттерін ашу, жұмыс іздеу технологиясын меңгерту.

Қолданылатын құралдар: бейджиктер, маркерлер, альбом парақтары, таратуға арналған материалдар.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Кіріспе кезеңі.

2. «Жеті қадам» технологиясы.

3. «Мен кіммін?» жаттығуы.

4. «Мен басқалардан нені 1000 есе жақсы және жылдам істеймін?»

1. Кіммін?

Мен кіммін? Өзіңіз жайлы көбірек білу үшін, сізге мына кесте көмектеседі. Ол кестені сіздің қасыңыздағы парталасыңыз толтыру керек.

«Терезе» жаттығуы

Менің жаман жақтарым:

1.

2.

Менің жақсы жақтарым:

1.

2.

Мен жайлы басқалар не білмейді?

1.

2.

3.

Менің қабілетімнің жоғарылығы:

1.

2.

3.

 

2. Не?

«1000% ашу және дамыту» жаттығуы

Мен басқалардан нені 10 есе жақсы және жылдам істеймін?

3. Қай жерде?

Жұмысты қай жерден іздеу керек?

 1. Таныс арқылы.

 2. Жұмыспен қамтамасыз ету мекемесі арқылы.

 3. Ақпарат құралдары (арнайы газеттер, мысалы, «Бос орын» («Вакансия»).

 4. Көрмелер (компаниялармен танысу, өзінің кандидатурасын ұсыну).

 5. Сайыстарға, олимпиадаларға қатысу.

4. Қалай?

Түйіндеме (резюме) – сіздің визиттік карточкаңыз және маркетингтің ең жоғары құралы.

Түйіндеме:

 1. Қысқа және шын болуы керек;

2. Жазба түрде және грамматикалық қатесіз болуы керек;

3. Түйіндеменің нұсқалары;

 4. Түйіндемені құрастыруды үйренеміз. (Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2005 ж.)

5. Кім боламын?

Кім болып жұмыс істеймін?

Мамандықты таңдау. Оқушылар қабілеттеріне қарап, кім болып жұмыс істей алатынын, қай жерде тұлға ретінде қалыптаса алатынын жазады.

6. Қайда?

Түйіндемені жіберу:

 1. Газеттерге;

 2. Факс арқылы;

 3. e-mail, интернет сайттары арқылы.

7. Не істеу керек?

«Сұхбатқа шақыру».

1. Сұхбатқа қалай дайындалу керек?

А. Сыртқы келбет.

«Танитын жерде бой сыйлы, танымайтын жерде тон сыйлы», - деген қазақ. (Қыздар үшін шаштың сәнділігі, бояну үлгісі, жарасымды киім, таза аяқ киім). Психологиялық зерттеулерге қарағанда бірінші сырт көрініс үлкен әсер қалдырады. Тұлғаның киген киімі, өзін-өзі ұстауы, сөйлеген сөзінің, мінезінің маңызы зор.

Б. Сұхбатқа дайындық.

- Ойланамыз, жұмыс берушіге өзің жайлы не айтасың;

- Жазу үшін блокнот, қалам дайындау. (Жұмыс беруші сізді жауапкершілігі мол деп ойлап қалады. Психологиялық тәжірибе бойынша ерекше блокнот, қалам есте жақсы сақталады).

2. Кездесу.

А. Белгіленген уақытта келу.

Егер сіз кездесуге белгіленген уақыттан кешіксеңіз, болмаса келмей қалсаңыз, жұмыс беруші сіз туралы жақсы пікірде болмайды.

     Б. Кабинетке шақыру.

- Есікті қағып, сенімді кіру керек, орындыққа отыруға рұқсат сұрау керек.

 

     В. Сұхбат.

- Көзге тіке қарау керек;

- Сұхбат алушының атын, тегін атау керек

(ол ара қашықтықты жақындатады);

- Сөзді бөлмей, ынтымен тыңдау керек;

- Сұрақты соңына дейін тыңдап, содан кейін жауап беру керек;

- Мүмкін болғанынша барлық сұрақтарға жауап беру керек.

     Г. Жұмысқа алу бойнша ұсынылып отырған сұрақтардың нұсқалары:

Өзіңіз жайлы айтып беріңіз.

«Мен неге бұл жұмысты таңдадым?» деген тақырыпта эссе жазу.

Сұрақтар:

Сіздің достарыңыз кім? Қандай кітаптарды оқисыз? Қандай музыка тыңдағанды ұнатасыз? Спорттың қандай түрімен шұғылданасыз?

3. Келісімге отыру.

- Екі жақты келісім, келісімшартқа қол қою. (Қол қоймай тұрып, зейіндікпен оқыңыз);

- Төлқұжат бермеңіз;

- Ішкі түйсігіңізге құлақ салыңыз.

 

1. «Мамандықтар» жаттығуы.

2. «Іздеу» жаттығуы.

3. «Түйіндеме» (резюме) жаттығуы.

4. «Жіберу» жаттығуы.

5. «Сұхбат» жаттығуы.

6. «Кері байланыс» жаттығуы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Құрметті бітірушілер! Сіздердің алдарыңызда көптеген есіктер мен жолдар жатыр. Ең бастысы қателеспей, «Сен де бір кірпіш дүние, кетігін тап та, бар, қалан!» - деп Абай аталарыңыз айтқандай өз орындарыңызға қалануларыңыз керек.

Біздің бүгін қарастырып отырған «жеті қадам» технологиясы сіздердің тек қана өзіңізді тануыңызды ғана емес, тезірек жұмыс табуыңызға да көмектеседі. Ол үшін сіздер өздеріңізге берілген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

«Мен кіммін?» жаттығуы.

Оқушы өзі туралы, өзін бағалау туралы кестені толдырады.

Менің жаман жақтарым:

1. Қырсықтық.

2. Еріншектік.

3. Ашуланшақтық.

Менің жақсы қасиеттерім:

1. Жауапкершілік.

2. Адамгершілік.

3. Ізденушілік.

4. Ағылшын, орыс тілдерін жақсы білемін.

5. Мінезімнің жақсы жаққа түзелуіне мән беремін.

 

«Мен басқалардан нені 1000 есе жақсы және жылдам істеймін?» жаттығуы

Әр оқушы өзінің бойындағы жақсы және ерекше қасиеттерін жазып шығады.

«Мамандықтар» жаттығуы.

Нұсқа 1. Әрқайсысы өзінің кім болып істей алатындығы туралы жазады.

Нұсқа 2. Топ тізім жасайды. Қай жерде және кім болып (Асанова Ақнұр, Құлымбетова Айгерім т.б.) жұмыс жасайды.

«Іздеу» жаттығуы.

1. Екі оқушының арасындағы жұмыс.

2. Тізім жасалады, жұмысты қалай тез табуға болады.

«Түйіндеме» жаттығуы.

1. Әртүрлі нұсқадағы түйіндемелер таратылады.

2. Оқушылар өздеріне түйіндеме құрастырады.

«Жіберу» жаттығуы.

Бұл жаттығуды түйіндемелерді қайда, қандай жұмыс орындарына жіберуге болатындығы анықталады.

«Сұхбат» жаттығуы.

Жұмысқа қабылдау бойынша іскерлік ойын ойнатылады.

«Кері байланыс» жаттығуы.

Оқушылар мына сұрақтарға жауап береді:

1. Өзі үшін пайдалы не білді?

2. Ескеруі қажет қандай нәрсе білді?

3. Нені жөндеуі керек?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз