Қазіргі мектепте білім беру жүйесі соңғы отыз жылда үнемі өзгерістерге ұшырап келеді. Жыл сайын жаңа бағдарлама енгізіледі, біреуі жарайды, біреуі жарамай қалады. Бірінші сыныпқа қабылдаудың да шарттары біртүрлі болып кетті.
Жоғары жақтың тұрақты қысымынан қажыған, шаршаған ұстаздардың балаларға қарауға мұршалары жоқ. Өйткені үнемі қағаздар толтырып, есеп беріп, көрсеткіштерді өткізуден қолдары босамайды. Мектептегі тапсырмадан көп тапсырманы үйге беретін біртүрлі жүйе айналып кеткендей.
Осының бәрі ата-аналарды балаларын үйде оқытсақ деген ойға жетелейді. Бәрібір, негізгі практикалық жұмыстың бәрі сабақтан кейін орындалады да, баланың жан-жақты дамуына мүлдем уақыт қалмайды.
Балаларын үйде өздері оқытқысы келетін ата-аналар неге дайын болу керек, оның қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Бұл мақалада осы мәселе жайлы айтамыз.
Отбасында оқыту әдісінің үйде оқытудан айырмашылығы, оны денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған, кәдімгі мектепте оқи алатын, бірақ ата-анасы оқытқысы келмейтін балалардың ата-анасы қолданады.
Үйде оқытуды қолдайтындар бірауыздан оның келесі артықшылықтарын атап айтады:
- Баланы сабаққа барардан бұрын бір жарым-екі сағат бұрын оятпайсыз, таңертең сабаққа бару үшін әбігерге түсіп, жиналмайсыз. Балаңыз мектепке өзі баратын болса, жетті ме, жетпеді ме деп уайымдамайсыз.
- Баланың ұйқысы қанып оянады, асықпай таңғы асын ішеді. Тек содан кейін ғана сабағына кіріседі. Бұл баланың жалпы денсаулығына оң әсер етеді.
- Үйге берілген тапсырманы орындауға сабақ өтуден көп уақыт кетпейді. Әрі басқа балалар мектепте өткізетін уақыт баланың өзінде қалады да, қызығушылығына қарай қосымша үйремелер мен секцияларға еркін қатыса алады.
- Егер баланың интеллектуалды дамуы ортадан жоғары болса, онда үйден білім алуы екі жылдық оқуды бір жылда өтуге мүмкіндік береді.
- Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа жиі жік түсіретін оқытушылар тарапынан ешқандай қысым болмайды.
Кез келген әдістер сияқты үйде оқытудың да кемшіліктері бар. Әрине, кейбіреулер үшін ол керісінше, артықшылық болуы мүмкін.
- Баласын оқытуда ата-анасы толықтай өзі жауапты болады.
- Егер ата-анасы мектеп бағдарламасын оқыта алмаса, онда ақша төлеп, үйреуші жалдауға тура келеді. (Алайда, мектепте білім алу кезінде де ата-аналардың осындай көмекке жиі арқа сүйейтінін есепке алуымыз керек.)
- Үйде оқыту шарты бойынша кәдімгі мектепте екі рет аттестациядан өтеді.
Кейде мектепке барған кезде мұғалімдер тарапынан мәселе туындап, ата-ана мен оның балаларына қысым көрсетілуі мүмкін. Мұндай қиындықтың алдын алу үшін үйде білім беру туралы заңды, әсіресе, мектеп аттестациядан өтуді неше рет талап ете алатын бөлімін мұқият оқу керек.
Үйде оқыту туралы шешім өте жауапты әрі нақты қадам. Мұндай шешім қабылдамас бұрын ата-ана бәрінің артықшылықтары мен кемшіліктерін таразыға салып көру керек. Алайда, мұндай шешім қабылдағандардың арасында көбінесе жағымды пікірлер айтылады.
Дереккөзі: poznaysebia.com
Оқуға кеңес береміз: Ананың шеберлігі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі