Мектеп бағдарламасын меңгеру баладан жоғары ой белсенділігі талап етеді. Сонымен бірге бала ағзасы өсіп, ақылы да дамиды. Сондықтан да оған энергия мен дәрумендер аса қажет.
Ата-ана оқушыға қалай көмектесе алады? Оқу үдерісі жеңіл өту үшін, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру керек және құнарлы, пайдалы тағамдармен тамақтандыру қажет. Сіздерге арнайы іріктеп алынған, балаларға сабақты түсініп және жаңа оқу материалды меңгеруге көмектесетін, мидың жұмысына қажетті ең пайдалы 15 азық-түлікті ұсынып отырмыз.
Бала рационында балық міндетті түрде болу керек. Бұл өнімнің құндылығын асыра бағалау мүмкін емес. Балықтардың ішінде майлы теңіз балығы ең пайдалысы болып саналады. Алайда, тұщы су балықтары да дәрумендер мен құнарлы заттарға бай. Балық құрамында омега-3 майлы қышқылдар бар, олар болмаса мидың сұр заты да, жалпы жүйке жүйесі де толыққанды жұмыс жасай алмайды.
Рационда балықтың болмауы есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, ақыл зеректігінің азаюына әсер етіп, күйзеліске ұрындырып және негізсіз агрессияға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар,балық мидың жақсы жұмыс істеуіне оңтайлы әсер беретін йод пен фосфорға бай. Балық - балалар үшін жақсы қуат көзі.
Мидың жұмыс істеу қабілетін арттыратын азық-түліктің бірі – ет. Оның пайдалы әрі құнарлы құрамы балықтыкінен кем түспейді. Еттің құрамында бала ағзасы мен тіндердің құрылымына жауап беретін және «құрылыс материалы» рөлін атқаратын ақуыз мөлшері өте көп. Ақуызды басқа ешнәрсемен алмастыра алмайсың. Сондықтан өсіп келе жатқан ағзаның рационында сиыр, құс, қой, жылқы еттері болу керек.
Еттің құрамында көп мөлшерде маңызды заттар бар: аминқышқылдар, темір, фосфор және басқа да элементтер, В тобындағы дәрумендер.Мұның бәрі мықты тірек-қимыл жүйесіне, жүйке жүйесінің тұрақтылығына, қантүзілім үрдісіне, көздің көргіштігіне және де мидың жетілуінде аса қажет.
Жұмыртқа - ақуыздың тағы бір маңызды қайнар көзі. Ол дәруменге, минералдарға байтабиғи антиоксидант. Оның құрамында ой белсенділігін арттыратын дұрыс майлар көп мөлшерде кездеседі.
Жұмыртқа құрамындағы холин адамның зейін қою қасиетін күшейтуіне ықпал жасайды және ой белсенділігіне оңтайлы әсер етеді. Омлет немесе уыздық (қуырылған жұмыртқа) – оқушы үшін керемет таңғы ас. Дегенмен де тамаққа ақуызын қосқан жақсырақ, себебі саруыздың құрамында холестерин бар.
Судың – теңдесі жоқ. Өйткені адам оны күнделікті пайдаланады. Бірақ дәрігерлер мен диетологтар таза суды жай ғана ішіп қоймай, тәуліктік мөлшерін де білу керек екенін айтудан шаршамайды. Оқушылар үшін бұл тіпті қажет, себебі сусыздану мен судың жетіспеушілігі ой белсенділігіне кері әсер берді. Бұған таңданудың қажеті жоқ, себебі адам миының 90%-ы судан тұрады.
Балалар мен жасөспірімдердің тәуліктік суды қабылдаумөлшері 1-1,5 литр. Газды сусындар, шай және кофе су санатына жатпайтынын естен шығармаған жөн.
Британ ғалымдарының зерттеулер нәтижесінде алған мәліметтеріне сәйкес, қызыл бұрыш мектеп жасындағы балаға ең жақсы азықтың бірі болып саналады екен. Әрине жас дарынға күнделікті ащы бұрышты жеу міндет емес, бірақ арасында рационға қосып тұрған абзал.
Қызыл бұрышты кей тамақтарға дәмдеуіш ретінде қосып тұруға болады. Мұндай ащы бұрыш жүйке жасушаларының жақсы жұмыс істеуіне оңтайлы әсер ететін Сдәруменіне бай.
Картоп оқушы рационында маңызды рөл атқарады. Мидың жұмыс істеуі үшін көп мөлшерде энергия қажет: ересек адамның тәуліктік мөлшері 20%, ал балалардыкі 30%. Ой белсенділігін жақсы деңгейде ұстап тұру үшін, құрамы крахмалға бай азық-түлікті тұтынған жөн. Картоп дәл сондай азық-түлікке жатады. Езіліп піскен картоп крахмалы адам өміріне маңызды күш беретін глюкозаға айналады.
Бұдан басқа, оның құрамында көп мөлшерде минералды заттар мен ағзаның жұмыс істеуіне қажетті аминқышқылдар бар. Картоп көптеген дәмді тамақтардың негізгі құраушысы болып саналады. Әртүрлі тамақтарды дайындап балаларыңызды қуантыңыздар.
Сарымсақ қан айналымын жақсартады, нәтижесінде миға оттегі жақсы барып, жұмыс істеу қабілеті артады. Сонымен қатар, ол керемет профилактикаболып табылады. Инфекциялық ауруларөршитін күз және қыс мезгілінде иммунитетті күшейту аса қажет.
Күніне сарымсақтың екі-үш тілімін жеп тұрса, вирустарды жойып қана қоймай, есте сақтау қабілетін де арттырады.Сарымсақ жегеннен соң ауыз қуысында иіс болмау үшін, ақжелкеннен кішкене шайнап жіберсе жеткілікті.
Балалардың тағы бір айнымас досы – брокколи. Мидың жұмысын жақсартатын К дәрумені брокколидің құрамында көптеп кездеседі. Сонымен қатар, қырыққабаттың бұл түрі бор элементіне бай. Ағзадағы бор элементінің жетіспеушілігі ой белсенділігін төмендетеді.
Жалпы қырыққабаттың барлық түрі мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады және жақсы оқудың кепілі саналады. Мысалы, брюссель қырыққабаты зейін қою қабілетін арттырады. Қырыққабаттан сан түрлі дәмді тамақтар дайындап, күнделікті жей беруге болады.
Сүт өнімдері оқушының рационында міндетті түрде болу керек. Олар кальций, ақуыз, дәрумендер мен басқа да құнарлы заттардың көзі саналады. Бала ағзасының қажеттілігін көбіне сүт өнімдері өтейді. Сүт ақуызы және бұл сусынның құрамындағы басқа да заттар ағзаның күйіне жақсы әсер етеді.
Мектеп жасындағы балалардың сүтті қабылдаудағы тәуліктік мөлшері 500 миллилитрге тең. Сонымен қатар йогурт, сүзбе, айран және тағы да басқа ашымал сүт өнімдерін ұмытпаған жөн. Олар тек қана пайдалы емес, сонымен қатар өте дәмді.
Өкінішке орай, қазіргі таңда кейбір асүйлерден сары майды мүлдем кездестірмейміз. Холестериннің зиянынан қорқып, өсімдік немесе зәйтүн майларына алмастырып жатамыз. Бірақ бұл дұрыс емес. Сары майдан мүлдем бас тартуға болмайды. Әсіресе, үйде мектеп жасындағы балаңыз бар болса.
Сары майдың құрамында ой белсенділігіне жақсы әсер беретін дұрыс майлар бар. Сондай майларды жеткіліксіз мөлшерде тұтынғанда оқушылардың зейіні мен үлгерімі төмендейді. Сондықтан да қарабидай нанына сары май жағып жеу пайдалы таңғы ас қатарынан түспек емес.
Жаңғақтар ой белсенділігін арттыруда таптырмайтын азық-түліктің бірі.
Құрамындағы дәрумендер мен пайдалы заттары бойынша көптеген көкөністер мен жемістерді басып озады. Олар калий, кальций, магний, фосфор, темір және басқа да минералдарға бай.
Тіпті сырт бейнесімен де миға ұқсайтын грек жаңғағын ерекше айта кеткен жөн.
Ерте замандағы билеушілер қарапайым халыққа жаңғақтың бұл түрін тұтынуға тыйым салған екен, себебі қара халыққа ойды жетілдіру керек емес деп санаған. Грек жаңғағында көп қанықпаған май қышқылдары көп, ол мидың толыққанды жұмысына қажет. Бес ірі грек жаңғағы – тез ойлауға көмегін тигізетін тәуліктік норма.
Бұл шөп те балаларыңызға айнымас дос болары хақ. Гүлшетеннің құрамында антиоксиданттар мен карнозин қышқылы көптеп кездеседі. Бұл заттар қан тамырларын кеңейтеді, қан айналымын жақсартады, нәтижесінде есте сақтау қабілеті де артады. Қызық мәлімет: ғалымдардың соңғы зерттеулер нәтижесінде есте сақтау қабілетін арттыру үшін гүлшетеннің тіпті иісі де жетілікті екені анықталды.
Гүлшетен ет, көкөніс, картоп және ірімшікпен керемет үйлеседі, тұздықтар мен сорпа тамақтарының дәмді құрамдасы да бола алады, ал бір-екі бұтақшасы тәтті тағамның сәнін келтіріп жібереді. Гүлшетенді лавр жапырағымен бірге қолдану ұсынылмайды.
Оқушыларға дәл қызыл жүзімнің өзі айрықша қажет. Осындай жүзім мен күлгін түсті басқа да жидектер табиғи антиоксидант болып келеді. Олардың ақпаратты сақтап, қорытуға көмек беретіндігі білім алушыларға аса маңызды.
Қызыл жүзім ми жасушаларының қоректенуін жақсартып, бүлінуден сақтайды. Оның құрамында қант, жасұнық, органикалық қышқылдар, аскорбин қышқылы, В дәрумені, пектинді заттар, ферменттер, көп мөлшердегі калий бар. Құрамындағы С дәруменді және қабылдау мен меңгеруге көмек беретін Р дәруменді де айрықша айта кеткен жөн. Айтпақшы, дәл қыркүйек және қазан айларында ең дәмді маусымдық жемістерді сатып ала аласыздар.
Цитрустылардың бұл түрі ерекше көңіл бөлуге лайық. Баланың есте сақтау қабілетінің жақсаруына таңғы шайға салынған лимонның бір тілімі жеткілікті. Бұған лимон құрамында көп кездесетін С дәрумені өз септігін тигізеді.
Бұл дәрумен ұмытшақтықтың алдын алады және есте сақтауға көмектеседі. Айтпақшы, лимон өзінің пайдалы қасиеттерін қыс мезгіліне сақтау кезінде де жоғалтпайды, бұл қасиетінің арқасында жыл бойына дәрумен көзі бола алатыны сөзсіз.
Біз жоғарыда ой белсенділігін арттыру жолында глюкозасы бар азық-түліктерді тұтыну аса маңызды екенін айтып өткенбіз. Бал – құрамы бойынша бірегей ерекшелікке ие. Оның құрамындағы бүкіл заттар адам ағзасына пайдалы. Бал иммунитетті көбейтеді және энергияның күшті қайнар көзі болып табылады, мидың жұмысына және есте сақтау қабілетіне жауап береді. Денсаулықты сақтау үшін бір күнге бір қасық бал жеткілікті. Қарақұмық балы, гүл балы, жөке балы – талғамыңызға қарай таңдаңыз.
Есте сақтаңыз, балды шайға қосып емес, таза өзін жеген абзал. Ыстыққа түскенде ол өзінің барлық пайдалы қасиеттерінен айырылып қалады. Балды ботқаларға қосуға болады. Ол қанттың дәмді әрі пайдалы баламасы болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі