Діни білім мен исламдық дәстүрлердің қазақ отбасында ұрпақтан-ұрпаққа берілуіндегі ерекшеліктер: қазақ аталары мен әжелері өздерінің балаларына, немерелеріне: «Құдайға сену керек»,– деп тура айтпайды; олар өз ойларын діни мағынасы жоқ сияқты сөздермен: «Біздің ата-бабаларымыз солай еткен», «Біздің халқымыздың салт-дәстүрі бойынша осылай істеу керек», – деп жеткізді. Бұл – дінге баулудың бір жолы. Ал екінші бір жолы мынадай: балаларының, немерелерінің мінез-құлқындағы кейбір қылықтарды айыптай отырып, үлкендер дін ілімдерінен бастау алатын, уақыт өте келе ойлау және әрекет ету стереотипіне айналатын тыйым салу әдеттерін олардың бойына сіңіріп отырады». Отбасы – бұл тек туыстық жақындықпен ғана емес, «наным-сенімі, шындығы, ой-санасы», ортақ салт-жорасы мен рухани дәстүрлері де астасып жатыр. Оның үстіне маңызды отбасылық ізгілік болып: бойсұну, құлақ асу, жасы кішілердің үлкендерге, әсіресе ата-аналарына сөзсіз бағынуы саналады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл сөздерде біз «халықтық ислам» деп атап жүрген, соның арқасында халқымыз тіпті исламға қарсы қатал насихат өршіп тұрған уақытта да өз діндерінің бұлақ-бастауларынан байланысын үзбеген, оның рухани құндылықтарына беріктігін сақтаған қасиет өте дәл және қысқа тұжырыммен сипатталған. Жәнеде дәстүрлі дініміз ата-бабамыздың көп ғасырлық даналығына негізделген. Әбу Насыр әл Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп ұстанған дәстүрлі қазақ мұсылмандығына басты негіз ретінде соқыр сенім емес, ақыл-парасат алынған. Аталған ойшылдардың мұралары заманауи Қазақстан қоғамында туындап отырған дін төңіргеіндегі мәселелерге жауап беруде өз өзектілігін жойған жоқ.
Дін қағидаларының сенімдік жағын діндес ұлттар өзгеріссіз қабылдайды, алайда бір ұлттың дәстүрін екінші ұлт көшіре алмайды. Оған дінімізде мәжбүрлемейді. Қазақы болмыстың өзегінен жаралған өз құндылықтары бар. Құндылық- қоғамдағы қалыптастырған, ғасырлар сынынан өтіп, асылдығын, өміршеңдігін дәлелдеген рухани бағдарлар. Сондықтан қазақтың дәстүрлі құндылықтарының ешбірі ислам шариғатына қайшы келмейді.
Қорыта айтқанда, дін мен дәстүр етене сабақтас. Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек.
Қожамқұл Жансая
«Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төраға орынбасары
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі