Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді

Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Бүгін, 14 желтоқсан күні түнде қазақстандық KazSTSat микрожерсерігінен ғарышта түсірілген алғашқы сурет алынды, деп «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 4 желтоқсанында Астана уақытымен 00 сағат 32 минутта Калифорниядағы Ванденберг базасынан Falcon 9 Block 5 зымыран-тасығышы ұшырылды. Ол зымыран-тасығыш орбитаға шағын спутниктер мен кубсаттарды алып шықты.

Ұшырылған қазақстандық екі ғарыш аппаратының біреуі - KazSTSAT - салмағы 100 келілік технологиялық маңызды спутник. Шағын спутник SSTL-X50 алаңында құрастырылған. Орбитаның биіктігі - 542 шақырым. Спутникті 2015 жылдан бастап SSTL (Surrey Satellite Technology Ltd) ағылшын компаниясының базасында «Ғалам» бірлескен компаниясындағы қазақстандық мамандар құрастырған.

Қазақстанның екінші ғарыш аппараты - салмағы 5 келілік KazSciSat 1 кубсаты. Оны «Ғалам» бірлескен компаниясы (LLP Ghalam) құрастырған. Ғылыми наноспутник Жердің магниттік аумағын өлшеуге арналған.

Оңтүстік Америка аумағының үстімен ұшып өткен KazSTSat Аргентинаның оңтүстігіндегі ірі кемежай - Рио-Гранде қаласын суретке түсіріп алған. 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (3)

Ерназар

Қазағыстанда неше спутник бар екен? Неге Байқоңырдан ұшырмаған?

Абдуали Айзере Сериковна.

9 спутник бар ау

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді туралы не білуге болады?

Бұл бетте Маск зымыранымен ұшырылған қазақстандық жерсерік алғашқы суретін түсірді тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Ғарыш тақырыбындағы материалдар Ғылым тақырыбындағы материалдар Илон Маск тақырыбындағы материалдар