Шөже Қаржаубайұлы (1803 — 1884) — ақын. Ол қазіргі Көкшетау облысы Қызылту ауданында дүниеге келген. Жастай ауруға шалдығып, екі көзінен бірдей айырылған. Бала кезінен қобыз, домбыра тартып, ақындық өнеріне машықтанған. Жоқшылық пен жарымжандықтың ауыр зардабын тартқан. «Дәукейге», «Домбыра шыққан тыңқылдан», «Бәйдікті мақтағаны» т.б. өлеңдердің авторы. Шөже — ірі айтыс ақыны. «Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ» деуіне қарағанда, өз заманындағы аты мәлім ақындардың біразымен айтысқан секілді. Шөже — белгілі эпик ақын, әнші әрі композитор. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының ең көркем әрі толық нұсқасы Шөженің айтуымен тараған. Оның халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілері мен ел шежіресінің асқан білгірі екенін кезінде Ш. Уәлиханов атап көрсеткен. Абай Құнанбайұлы, С. Торайғыров Шөженің ақындық талантын жоғары бағалаған, жасқан бай тура айтатын өткірлігін қатты құрметтеген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі