Шал ақын

Басты бет / Ақын-жазушылар / Шал ақын

Шал ақын — Ақын-жазушылар бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Шал ақын бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Шал ақын, Тілеуке Құлыкеұлы (1748—1819) — қазақ ақыны. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі Құлыке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шал ақынның өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады. Шал ақын кезінде ел өмірінен елеулі орын алған айтыс-қағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр қиялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы мол көрінеді. Бір топ жырлары «XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962). «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Алдаспан» (1971), «XVIII - XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1984) жинақтарында жарық көрген.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шал ақын туралы не білуге болады?

Бұл бетте Шал ақын тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Ақын-жазушылар бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Ақын-жазушылар бөліміндегі басқа материалдар Шал ақын тақырыбындағы материалдар Тілеуке Құлыкеұлы тақырыбындағы материалдар