Өлең, жыр, ақындар

Жастар жылы: Вундеркинд Абзал Мырзаш компьютерлік техникалар жасайтын кәсіпорын ашпақшы

Бүгін Астанада Жастар жылының ашылуына арналған шарада Қазақстандағы ең жас студент Абзал Мырзаш ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

«Мен де еліміздің шынайы патриоты ретінде Қазақстанның алдыңғы қатарлы озық технологиясы бар, ғылымы мен экономикасы дамыған өркениетті 30 елдің қатарында болуына өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан алдағы уақытта Қазақ-Британ техникалық университетін бітірген соң, АҚШ-тағы Массачусетс технология институтының магистратурасында және докторантурасында оқуды жалғастырып, ақпараттық технологиямен бірге, нанотехнологияны меңгеріп, Қазақстанның ғылымына өз үлесімді қосамын деген үлкен мақсатым бар», - деді Абзал Мырзаш.

Сонымен қатар ол елімізде компьютерлік техниканы және оны жабдықтайтын құралдарды, робототехниканы, нанороботтарды жасайтын үлкен кәсіпорын ашуға ниетті екенін айтты.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз үнемі латын қарпіне көшу туралы айтып келесіз. Өйкені латын әліпбиіне көшу - ІТ-технологиялық прогрестен қалыс қалмауға, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Сондықтан ұсынатын екі жобам бар. Бірінші жобамда компьютердің пернетақтасына ыңғайлап «Абзал алфавит» деп аталатын қазақ-латын әліпбиін жасадым. Осы нұсқама авторлық куәлік алдым. Менің бұл нұсқам арқылы әлемнің кез келген жерінен компьютердің стандартты ағылшын пернетақтасын пайдаланып, қазақша жазуға болады», - деді А. Мырзаш.

Оның сөзіне қарағанда, екінші жобада кириллицадан латын қарпіне аударатын конвертер бағдарлама жасалды.

«Қазір менің конвертер бағдарламам арқылы кириллицадан латын графикасындағы қазақ қарпіне 1 минутта 1 200-ден астам кітап аударуға болады», - деді вундеркинд.

Қазақстандағы ең жас студент Абзал Мырзаш Қазақ-Британ техникалық университетінде білім алып жатыр. 

Оқу орнының басшылығы, базалық факультет деканаты, ақпараттық технологиялар деканаты жас студентті жіті бақылауға алған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Mendeco

Еліміз Президенті 2019 жылды жастар жылы деп жариялауы Абзал Мырзаш сияқты көптеген талантты жастардың

шығармашылық танылуына және талантын халықтың игілігіне қолдануына мүмкіндік туғызады. Жастар жылының белгіленуі

елдің болашағы жастардың қолында екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Сонымен қатар Елбасы тәуелсіздікті сақтау ата-бабамыздан

қалған мұра ретінде қастерлеу керектігін атап айтты. Алда келе жатқан мемлекет үшін маңызы бар науқан сайлауға дайындық жүріп

жатқандығын айта кеткен жөн. Осы сайлауда жастардың қолдауына ие болуы мен сайлаудың ойдағыдай тыныш өтуі маңызды

болып табылады.

 

Ерік

Израильде, Америкада, Европада мектепте оқитын бизнесмендер, компания иелері, ең төменнен бастап байлыққа кенелген оқушылар бар екен. Әлемде мектеп оқушылары бизнесмен болып жатса бізде үлкен кісілерің бизнес бастай алмай жүр... Себебі бізде түсініксіз, пайдасыз қағаз көп...

arai02

Жарайсың 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар