«Заңнан ақылды болудың қажеті жоқ» деген екен әлемге әйгілі философ Платон. Расында да заң қоғамды, онда болып жатқан түрлі мәселелер мен шиеленіскен оқиғаларды шешуші құрал. Яғни, бұл тұрғыда заңгерлердің де алатын орны ерек. Демек, белгілі бір жүйе бойынша жұмыс жасайтын, халқы тәртіпке бағынатын мемлекет құру үшін білікті заңгер мамандарды дайындау - міндет.
Соңғы жылдары ел арасында білімсыз заң саласының мамандары көбейген деген пікірлер қалыптасты. Бұл мәселе алдымен осы салада шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздарды толғандыратыны анық. Ал, ел абыройын асқақтатар беделді азаматтарды түлек еткен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультеті аталмыш пікірді мүлдем жоққа шығарады. Оған дәлел де жоқ емес.
Ең алғаш 1934 жылы еліміздегі ең белді университеттердің бірінде заң факультеті құрылып, өз қызметін бастады. Сол кездің өзінде бәсекеге қабілетті маман дайындауды басты мақсат еткен білім ордасы 2018- жылға дейін шамамен 35 мыңға жуық түлекті ұясына қондырған. Қазіргі таңда мемлекеттік маңызы бар істерде, прокуратура, сот, нотариустарда, ішкі істр органдарында халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген шәкірттер әлі күнге дейін ұлттық университет басшылығы мен ұстаздарына алғыстарын жаудырып келеді. Аталмыш түлектер факультетіміздің айнасы десек те артық айтқанымыз болмас.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униврситетіндегі беделді факультеттердің бірі болып саналатын біздің ұжымда өз міндетін мүлтіксіз атқарып келе жатқан дарынды ұстаздар баршылық. Айта кетсек, қазіргі таңда ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев, з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, з.ғ.д., профессор Тыныбеков Сериккали Тыныбекович, з.ғ.д., профессор Джансараева Рима Еренатовна сынды отызға жуық доктор мен профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер, 12 PhD докторы мен оқытушылар студенттерді білім нәрімен сусындатып келеді. Ал, өз кезегінде қара шаңырақтан білім алып, түлеп ұшып, артынан ерген жас ұрпаққа берерім болсын деген шәкірттер арнайы дәріс өткізіп тұрады.
Сонымен қатар үнемі көш бастап жүретін заң факультетінің жетістіктері де аз емес. 2011-2012 оқу жылындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің факультеттер рейтингісі бойынша 2-ші орынды иеленсе, дәл сол жылы «әл-Фараби тындағы ҚазҰУ факультетінің үздік ғимараты» байқауында да аталмыш 2-ші орынға тұрақтады. Ал 2015 жылы үздік факультеттер арасындағы байқауда 2- ші орынды қанағат қылды. Факультет студенттердінің жан-жақтылығын, белсенділігін, таланттылығын дәлелдейтін жүлделер де аз емес. Олар: 2014 жылы «Бірінші курс студенттерінің күні» атты спорттық мерекесінің бағдарламасында арқан тартыс бойынша 2-ші орын, «1-курс таланттары-2014» көркемөнерпазар байқауында заманауи би номинациясы бойынша 2-ші орын, 2018 жылы өткен дәстүрлі тазалық байқауында 1- ші орын.
Бұл білімді маман мен белсенді шәкірт бірлігі негізінде факультеттің жеткен үлкен жетістіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті заңгерлер дайындайтын ең үлкен мектеп. «Заң – мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты» деген екен Шерхан Мұртаза. Ал халқына қалқан болар үздіктердің үздігін дайындау біздің парыз.
Алкебаева Джанат Ақбергеновна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті
азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі