Қызылорда қаласы
Үш тілде мамандандырылған сыныптары бардарынды балаларға арналған "Мұрагер" мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Серік Аружан Әділханқызы
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады»-деп айтылған.Елбасымыз білім саласын ешқашан тысқары қалдырмаған.Осы жарлықты қағида ете отырып,білім саласының деңгейін көтеру барысында мұғалімнің атқаратын рөлі зор.Оқушының білімді,жаңа технологияны игеруіне, бәсекелестік бола алуына себепкер бола алатын басты тұлға-мұғалім.Оқушылардың білім деңгейін,оқып жатқан пәндеріне қызығушылын арттыру барысында,мұғалімдер көптеген әдіс-тәсілдермен,жаңа технологияны,дидактикалық ойындарды игеруі қажет.Осы тұрғыдан мен «Жас маман» ретінде өзімнің пәніме деген қызығушылықтарын арттыра отырып,білім деңгейлерін көтеруді көздеймін.Мен математика пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларды өз пәніме қызықтыру үшін түрлі ойын элементтерін қолданамын.Ойын элементтерін қолдану себебім:оқушылар ойын процесінде,өздерін еркін және ойларын нақты жеткізе отырып,пәнге деген қызығушылықтары артады.
Математика сабағымда жиі қолданатын ойын түрлері.
1. Ұйымдастыру кезеңінде:
Психологиялық жаттығулар,тренингтар ойнатамын.
Мысалы:
●«Жүректен-жүрекке»
Әр оқушы өзінің парталас досына қарап,сол досының бойындағы ең жақсы қасиетін бағалап айтады.
●«Шаттық шеңбері»
Сынып оқушылары бір шеңбер бойымен тұрып,бір-біріне сәттілік тілейді.
Тиімділігі: Оқушылардың бір-бірінің жеке қасиеттерін,өздерін бағалай білу.
2. Есептер шығару кезеңінде:
Интербелсенді тақтаның көмегі арқылы.
●«Бағдаршам» карточкалары.
Бағдаршам түсіне байланысты деңгейлік есептер жазылады.Қызыл карточкада А деңгейіне,сары карточкада В деңгейіне,жасыл карточкада С деңгейіне сәйкес есептерді шығара отырып кез-келген оқушы жасыл түсті карточкамен жұмыс жасауға талпынады.
3. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңіңде:
●«Математикалық домино»
Домино карточкасына формулаларды жазып,оқушылар формуланың екінші жартысы жазылған формуланы іздей отыра,доминоны құрастырып шығады.
Тиімділігі: Формуланы тез жаттау,есте сақтай білу,ойынмен білімді ұштастыру.
Қорыта айтқанда,дидактикалық ойындардың математика сабағында алатын орны ерекше.Ол оқушылардың қызығушылығын арттырады.Сонымен қатар оқушыларды тез ойлануға,ауызша есептеулерге,логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше орын алады.Сондықтан математика сабағында ойны элементтерін қолдануымыз керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі