Көптеген шетелдік жоғарғы оқу орындарында түлектерге диплом табыстау салтанатына құттықтау, әрі оларды жігерлендіру үшін атақты адамдарды шақыратын дәстүр бар. Көбіне аса танымал адамдар түлектерге өздерінің сәтсіздіктері туралы әңгімелейді — өйткені кешегі студенттер бәрінен бұрын сәтсіздіктен көбірек қорқатын болар. Джоан Роулинг, Стив Джобс және Стивен Спилберг пен Джим Керри сәтсіздіктерден неге қорықпау керектігін түсіндіреді.
2016 жылы Джоан Роулинг Голливудтың "The Hollywood Reporter" журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды 25 авторлардың көшін бастады. Ал одан жиырма жыл бұрын, 1997 жылы Bloomsbury баспасы Гарри Поттер туралы алғашқы кітабын жариялағанға дейін, ол әлеуметтік жәрдемақыға күнін көрген, тұрақты табысы жоқ, ешкімге белгісіз жалғызбасты ана еді.
«Оқу бітіргеннен соң, араға жеті жыл өткенде мен барлық тұрғыда үлкен сәтсіздікке ұшырадым. Некем бұзылды, баламен жалғыз, жұмыссыз әрі ақшасыз қалдым. Мен сәтсіздікті керемет дегім келіп тұрған жоқ. Менің өмірімнің дәл сол сәті мен үшін ең қиын кезең болды, болашақта өмірім қазір газеттерде жазылып жатқандай соңы бақытқа ұласатын ертегіге айналады деп ойламадым. Бірақ дәл осы сәтсіздік мені құтқарды — менің басты қорқынышым орындалды, соған қарамастан ең бастысы тірі едім, менің сүйікті қызым, ескі баспа машинам және қиялда көптеген идеяларым болды. Егер басқа салада жетістікке жету мүмкіндігі бұйырғанда, мен шын мәнінде жақсы көретін ісіммен айналысуға мүмкін батылдығым жетпес еді.
Сәтсіздіктерді айналып өту мүмкін емес, тек асқан сақтықпен ғана өмір сүрген болсаңыз ғана сәтсіздікке кезікпейтін шығарсыз, дегенмен, бұндай өмірді «өмір» деп атауға келмейтін шығар. Бірақ бұл жағдайда сіз сәтсіздіктің нағыз өзіне ұшырайсыз».
Гарвард түлектері алдындағы сөздері, 2008
Тарихтағы ең табысты режиссерлердің бірі тек 2002 жылы 55 жасында жоғары білім туралы дипломын алған. Жас кезінде ол калифорния киномектебіне екі мәрте түсуге тырысқан, бірақ оны «дарынсыз» деп танып, мектепке қабылдамаған. Содан кейін ол техникалық колледжге түскен, алайда көп ұзамай Universal Studios-тағы «армандаған жұмысына» орналасу үшін колледжді тастап кеткен. Бес жылдан кейін Спилбергті атақты қылған «Jaws» триллері жарық көрді.
«Мен колледжден кетіп қалдым, өйткені сендердің кейбіреуің сияқты мен де не қалайтынымды анық білдім. Бәлкім, сендер қазір жазушы-юморист емес, доктор болғыларың келетінін ата-анаңызға қалай айтуды ойланып отырған шығарсыңдар. Мен өз ата-анама егер кинода жолым болмаса, университетке қайта ораламын деп айттым. Бірақ кинода жолым болды.
Біздің өміріміздің алғашқы 25 жылында бізді бөтен дауыстарды тыңдауға үйретеді. Ата-аналар мен оқытушылар біздің санамызды даналық сөздермен, пайдалы ақпаратпен толтырады, содан кейін олардың орнын мына дүниенің шын мәнінде қандай екенін үйрететін бастықтар басады. Тіпті біз: «Мен әлемге мүлдем басқаша қараймын» деп іштей ойлап тұрғанымызбен, біз үшін олармен келісіп, жай ғана бас изеу әлдеқайда оңай болатыны рас.
1980-ші жылға дейін түсірілген фильмдер көбінесе шындықтан алшақ болды. Мен бір көпіршіктің ішінде өмір сүргендей болдым, себебі маған жоғарғы білім жетіспеді, менің әлемге деген көзқарасым өмірлік тәжірибеге емес, өз басымдағы ойлармен ғана шектелді. Содан кейін мен «Лалагүл жазығының гүлдері» фильмін түсірдім. Бұл оқиға терең мағынаға, терең шындыққа толы болды, мысалы, фильмде Шаг Эйвери: «Әлемдегінің бәрі сүйікті болғысы келеді» дейді. Бұл фильмді түсіре отырып, кино менің миссиям болуы мүмкін екендігін түсіндім. Кез келген адам осыны сезінеді деп үміттенемін».
Гарвард университетінің түлектерінің алдында сөйлеуі, 2016 жыл
1976 жылы 20 жасар Стив Джобс Стив Вознякпен бірге ата-анасының гаражында Apple-ды құрды. 10 жылдың ішінде кәсіпорын алты мыңнан астам адам жұмыс істейтін, құны екі миллиард доллар болатын ірі компанияға айналды. Олардың арасында Джобстың шақыруы бойынша Apple-ді басқарған маркетолог Джон Скалли да болды. Уақыт өте келе олардың болашаққа деген көзқарастары екіге айырылды, директорлар кеңесі Скаллиді қолдады да, Стив Джобсқа Apple-дан кетуге тура келді.
«30 жасымда мені өзім құрған компаниядан үлкен даумен жұмыстан босатты. Саналы ғұмырымды арнаған барлық нәрседен бір сәтте айырылып, өзімді жабырқаулы сезіндім. Сол кезде менің Apple-дан кеткенім — мен үшін ең қайырлы іс болғанын тіпті білген жоқпын. Табыстың қиын жолы жеңілдікпен алмасты, мен қайта туылған күйде болдым. Осы сезіммен менің өмірімдегі шығармашылыққа толы кезеңдердің бірі басталды. Кейінгі бес жыл ішінде мен NeXT және Pixar–ды құрдым және сұлу әйелге ғашық болдым, кейін ол менің жарым болды. Егер мен Apple-дан кетпегенімде, мұның бірі де болмайтынына сенімдімін. Дәрінің дәмі сұмдық болды, бірақ науқасқа (өзін айтып отыр) қатты қажет болған екен.
Мен өз ісімді ерекше жақсы көргендіктен ғана кері шегінбестен, алға жылжығаныма сенімдімін. Егер сіз өзіңізге ұнайтын нәрсені әлі таппаған болсаңыз — іздеуді жалғастыра беріңіз».
Стэндфорд университетінің түлектерінің алдында сөз сөйлеуі, 2005
Джим Керри алғаш рет 15 жасында комедиялық нөмірімен сахнаға шыққан еді — оның дебюті сәтсіз болды. Көптеген сәтсіз кастингтерден кейін, 23 жасар Керри кинодағы өзінің алғашқы, басты рөлін сомдаған "Once Bitten" (1985) фильмін де көпшілік салқын қабылдады. Тек 31 жасында Ace Ventura: Pet Detective» атты аз бюджеттік фильмінен кейін ғана оның атағы шыға бастады. Фильмге Вентураның образы мен сценариді Джимнің өзі ойлап тапқан. Бұл фильм үшін Керри ең нашар актерлік жұмыстарға берілетін сыйлық «Golden Raspberry» номинацияланды, бірақ көрермендер арасында фильм үлкен табысқа ие болды, ал Эйс Вентура әйгілі комедия кейіпкерлерінің біріне айналды. Керридің келесі фильмдері — «The Mask», «Dumb and Dumber», «The Truman Show» кинематографияның классикасына айналған.
«Адамдардың көбі «сенімді» деген желеумен, қорқыныш жолын таңдайды. Менің әкем комик болуды армандайтын, тіпті ол үшін оның барлық мүмкіндігі болған. Бірақ, қолынан келетініне сенбеді, сондықтан, есепші болып жұмыс істеп, жайбарақат «жайлы» орынды таңдады. Мен 12-ге толғанда ол жұмыстан айырылып қалды, салдарынан біздің отбасымыз қиын күндерді бастан кешті. Осы мысалдан түйгенім, ұнамсыз жұмыстан да сәтсіздікке ұшырау мүмкін екен, олай болса неге жаның қалайтын істе бақ сынамасқа. Бұл күлкілі немесе мүлдем мүмкін емес сияқты көрінуі мүмкін, біз жаратқаннан сұрауға тіпті тырыспаймыз да. Мына, мен, өзіңіз қалағаныңызды сұрай алатыныңызға барлық мүмкіндігіңіз барына тірі дәлел бола аламын».
Махариши менеджмент университетінің түлектерінің алдында сөйлеуі, 2014
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі