1931-1933 жылдарда орын алған ашаршылық жайында «Зұлмат. Геноцид в Казахстане» деп аталатын фильм түсірілген болатын. Украйнадағы 4 млн адамды жалмаған «Голодомор», 6 милион адамды қырып кеткен «Холокост или геноцид евреев» сынды қырғындардан кем түспейтін қазақ жеріндегі ашаршылық турасында ашып айтылған. Осы 3 жылдың ішінде 3,2 млн қазақ аштықтан қырылып қалған болатын. Бұл туралы Кеңестер кезінде ауыз ашып айтуға тыйым салынғанды. Ал тәуелсіздік алғаннан кейінгі түсірілген фильмдердің ішінде ашаршылықтың ашы шындығын көрсете білген туындының бірі де бірегейі болды деп айта аламын.
Қазіргі кезде, өмірдің болмашы ғана қиындығына төзе алмай өзіне қол жұмсап жатады. Ата-анасы айфонның жаңа маркасын алып бермегеніне немесе машинасын жаңартып бермегеніне ашуланып, өмірден түңіліп кетеді. Сүйген қызы қарамаса тағы да депрессия. Олар нағыз қиындықтың не екенін білмейді. Болмашыға бола сағы сынып, түнереді де жүреді. Тырнағын сындырып алып, жылап отыратындарға баласын көз алдында қасқыр жеп кеткен ананың қайғысын көріп тәубаларына келіңдер дегің келіп кетеді. Осындайда осы күніңе шүкір етуге шақыратын тамаша туынды дүниеге келді. Босқа жыламсырап, көрінгенге түңіле бермей «Зұлматты» көріп, тәубеңе кел де, алға қарай ұмтылыңдар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі