Нурмагамбетов Айдос Елубаевич
Шет ауданы Әлихан негізгі орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Тұғыш президент – елбасымыздың 2018 жылдың қарашаның 21 жұлдызындағы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы еріксіз ой салады. Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік, технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтады. Көптеген дамыған елдердін жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Осы сұрақтарының барлығына, өзінінің көшбасшылық, зерттеушілік, шығармашылық, қасиеттерімен танымал тұңғыш мемлекет басшымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдау үшін, толық жауап берді.
Сонымен Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.
«Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзінде Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі» деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай Ұлы даланың айрықша қыры ретінде «Атқа міну мәдениетін» қоюдын өзіндік себептері бар. Осынау, ұлан ғайыр аумақты жаудан қорғау, сақтап қалудың бірден – бір себебі қасиетті жануар аттың да үлесі зор.
Біздің Әлихан ауылының негізгі тұрмыс – тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғанымен, жылқы асырау шаруашылығы кең етек алған. Сонымен қатар, қазақтын ұлттық спорты ат баптауда қалыс қалмауда. Сөзімнің дәлелі ретінде аулымыздың ақсақалы, Ұлттық спорт ассоциясының президенті Б.Тлеуханның «Ат спортына үлес қосқаны үшін» дипломымен марапатталған, атқа қанат бітірген атақты атбегі-Кенжеғұл Жолдыбай. Көптеген жылдар бойы ат жаратып, бәйге алған, сонау кеңес дәуірінде «Торы атпен» талай жүлде алып ел аузында жүрген ел ағасы. Өзінің ат баптаудағы ерекше стилі мен технологиясының арқасында көптеген додаларды жарған. Атап айтсақ, Байғозы батырдың 300 жылдығында, Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның киелі өлке Ұлытаудағы асында, Қарағандының жер ұйығы Қарқаралыдағы Қаракесек руының асында, өзінің еңбекқорлығының арқасында автокөліктерге ие болды.
«Ата көреген оқ жонар» деп атам қазақ айтпақшы, қазіргі таңда ісін немересі Жалғас жалғастыруда.
Сөзімнің соңында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтын болашағы зор болады деп сенемін» – деп Ұлт көшбасшысы айтқандай. Қазіргі білім алушылардың бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі