Өлең, жыр, ақындар

Бастауыш сыныпта көбірек қолданылатын технология

М. Мәметова атындағы ЖОББ мектебінің  
бастауыш сынып мұғалімі: Абдрахманова Арайлым Тулеубековна

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Білім беру жүйесі әр кезеңде өзгеріп, дамып отыруы керек.
Оқушының ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді, танымдық белсенділігі, сабаққа қызығушылығы артады, өз бетінше талпынады. Бастауыш сыныпта көбірек қолданылатын технология ойын.

Ойын,өзіміз білетіндей, баланың басты іс-әрекеті. Сонымен қатар ойын- оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыратын, оқу үрдісін қызықты етіп өткізуге әрі олардың көңіл күйлеріне әсерін тигізетін оқыту құралы. Бүгінгі жаһандық талап деңгейімен бейнелеп айтсақ, есеп шығара білу математикалық құзыреттіліктің негізгі көрсеткіші болса, құзыреттілік жеке тұлғаға  бағытталған білім беруді жүзеге асырудың бірден-бір тиімді көзі екені анық.

Қазіргі білім беру жүйесі "білікті адамға" бағытталған білімнен "мәдениет адамына" бағытталған білімге көшуді көздейді. Ендеше жеке тұлғаға бағытталған білім беруді жүзеге асыру әлі де алдағы тәжірибемде сындарлы оқыту теориясын дамыта қолдануды жетілдіргенде ғана баланың дарындылық қабілеті дамиды, сайыстарда жүлделі нәтижелерге жетеді, бала өз білімімен жоғарғы оқу орнына түсе алады, жақсы білікті мамандар даярланады, ең бастысы, алған білімді алдағы өмірмен байланыстыра білуге дағдылана алады деп тұжырымдауға әбден болады.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз