Өлең, жыр, ақындар

Баян тану

1939 жылы – Грегориан күнтізбесі бойынша аптаның соңғы күні, яғни жексенбіде басталады. Кібісе жыл емес. Бұл біздің заманымыздың 1939 жылы, ІІ мыңжылдықтың 939 жылы, 20 ғасырдың 39 жылы, 20 ғасырдың 4 – ші онжылдығының 9 жылы, 1930 – шы жылдардың 10 жылы болып табылады.

Баян 1939 жылы аптаның «дүйсенбісінде» дүиеге келген.

Европалық жұлдызнама бойынша: Балықтар.

Қытайлық жұлдызнама бойынша: Қоян (өлеңі: жер, жылы: инь).

Қазақша жұлдызнама бойынша: Қоян жылы.

Жердің күнді айналып өтетін уақыты «жыл» болса, жылымыз он екі айға бөлінеді. Қазақ халқында жыл басы «Науырыз» айынан басталады. Осы Наурыз айының 13-ші жұлдызында дүние есігін ашқан (1939  жылы қоян жылы болатын. Бұл қоян барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 4-жылы. 12 жылда қайталанып тұрады).

Жұлдызды деректердің пайымдауынша «1111» белгісіне ие екен. Осы белгі: «мықтылық сипат», «көшбасшылық сипат» дегенді білдіреді. Ия бұл жорамал ғазиз әжеміздің көсбасшылық қабілетін, мықтылығын жасырмады.

Жалпыға Баян десе көбіне – орыс халқының музыкалық аспабы есімізге түсіреді ( төрт қатарлы гармонның 1907 жылы П. Е. Стрелигов жетілдірген түріне «баян» деген атау берген).

Бір деректерде айтылды: Баян әжемізге өзінің тума – құдасы Орынбасар (руы жары, Галя қызының қайнатасы)  деген. Осы құда Баян әжемізді «Қобыз» деп лақап атпен атаушы болған десті. Бірақта бұл ойдан аулақ болың!

Баян есіміне деректер: көне түркі, моңғол тілдерінде ортақ «мықты», «зор», «бай», «мән», «мағына» деген сөздерді береді. Көне түркі заманынан келе жатқан «тіршіліктің мәні, өмірінің мағынасы» деген мақсатта ата – аналары Баян есімін береді екен. Араб тілінде вайан – айқын, ашық, түсінік, анықтама, хабарлама деген мағынада беріледі. Бұл кең мағыналар – «Баян» деген есімнің түк тамырын тұжырымдады.

 

ҚҰНАНОРЫС (РЫСҚҰЛ) АТА ҰРПАҚТАРЫ

БАЯН ӘЖЕМІЗДІҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ

Құнанорыс – ержүрек батыр, 1530 ж. Сыр бойыда туылып, 1600 ж. Ақпан батырме Амудария бойындағы Кіші Жүз – үш Алшынды Елек, Қобда, Жем, Сағыз өңіріне бастап келіп, қалмақ басқыншылығынан атамекенімізді босатқан ерлердің бірі. 1605 жылдары Ақтөбе аймағын қалмақтан қорғап шаһид болған.

(«Адай газеті, №15,16.1997ж.)

«Құнанорыста ұл туса, дұшпанға қиын күн туады»

Халық аузынан.

ШЕЖІРЕСІ:

Кіші жүз – 25 ата. Олар: Алты ата әлім, Жетіру,

12 ата Байұлы.

12 ата Байұлыға: Шеркеш, Ысық, Байбақты, Беріш, Алаша, Жаппас, Қызылқұрт, Масқар, Есентемір, Тана, Таз, Адай.

Адайда екі бала: Құдайке, Келімберді.

Құдайкеде: Тәзіке, Қосай.

Келімбердіден: Құнанорыс, Ақпан, Балықшы, Бұзау, Мұңал, Тобыш.

Құнанорыстан : Жанбай, Жантуған.

Жантуғаннан: Сүйіндік, Жүнді, Айдабол

Сүйіндіктен: Қожамар, Қаспақбай, Садық/Қожа

Қожамардан: Қатпа, Жиенқұл, Әлдеке, Мес, Кенжебай.

Жиенқұлдан: Мыңбай, Шал, Тоқсан, Төртқара, Лабақ.

Төртқарадан: Бүркітбай, Қосқұлақ, Самалық.

Бүркітбайдан: Есім, Досым, Тәңірберген, Дүйсе, Майкөз, Ерсары.

Есімнен: Елім, Көшім, Нұрлыпес, Сәлім.

Нұрлыпестен: Жұмағазы, Жұмасейіт, Амансейіт.

Жұмағазыдан: Жұмабай, Түркменбай.

ТҮРКМЕНБАЙ АТАДАН ТАРАҒАН:

Үлкен қызы БАЯН, екінші қызы АЙТЖАН, ұлы ТӘКІБАЙ, ұлы  СҮЛЕЙМЕН (ШОРА),  ұлы ДОҒДЫРБАЙ, кенже қызы ОҢАЙГҮЛ.

ӘКЕСІ ТҮРПЕНБАЙ

ЖҰМАҒАЗЫДАН: ҚОЗЫБАЙ, ЖҰМАБАЙ, ТҮРПЕНБАЙ, БАЛЫМ, АҚАН.

ТҮРКПЕНБАЙ ДЕГЕН КІСІ ӨТЕ ҰЛЫ КІСІ БОЛҒАН. АҢШЫЛЫҚПЕН АЙНАЛЫСҚАН. ТЕМІР СОҚҚАН. ҚАСИЕТТІ КІСІ БОЛҒАН. ТҮРПЕНБАЙ АТАНЫ УАҚЫТЫНДА ЕЛГЕ КӨМЕКТЕСКЕН, АҢ АЛЫП КЕЛСЕ ӨЗІНЕ ЖАРЫМ ЕТІН АЛЫП, ҚАЛҒАНЫН КӨРШІ – АҒАЙЫНДАРҒА ТАРАТЫП БЕРЕТІН ДЕСТІ. ТАҒЫ БІР ДЕРЕКТЕРДЕ 1000 ШЫ АҢДЫ АТАЙЫН ДЕГЕН ДЕ АҢНЫҢ ӨЗІ БЕРІЛГЕН ДЕСТІ. СОДАН КЕЙІН АТАМЫЗ АҢ АУЛАУДЫ ҚОЙҒАН ДЕСТІ. ҚАЗІР ШОПАН АТАДА ЖАТЫР. ТАУ БАУЫРАЙЫНДА ҚҰНАНОРЫС ҚОРЫМЫНДА. КЕЙБІР КІСІЛЕРДІҢ АЙТУЫНША ЖҰМА САЙЫН ШОПАН АТАДА ТЕМІРДІҢ СОҒЫЛҒАН ДАУЫСЫ ЕСТІЛЕДІ ДЕЙДІ. ШОПА АТА ШЫРАҚШЫСЫ. БАЯН ӘЖЕМІЗДІҢ ӘКЕСІ ДЕ ҚҰР ЕМЕС, ҚАСИЕТТІ КІСІГЕ ЖАТҚЫЗУҒА БОЛАДЫ. ТУҒАН АНАСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖОҚ.

ӘЖЕ ТОЛҒАУЛАРЫ – НЕМЕРЕСІ ЖАНАРДАН:

Қырмызыдай құлпырған

Қызы едің Түркпенбайдың

Еркелігің жарасқан,

Ел халқыңа ұлы едің!

Ертеректен естелік

Панасызға пана едің,

Білтендей дана кәкенің

Асылда дара жары едің

Балаларға қара едің

Жетімге жебеу жан едің

Ауылға ұстар ар едің

Мүшелге келіп жеткенде!

Әжемау қайда кетіп едің?!

Қара шаңырақ иесі,

Арамызда асыл едің,

Жапырақтың жайнаған,

Нұрландырған жасыл едің

Қол жетпейтін жақұпта

Жақыптың алтын тасы едің

Құшаққа келіп қысатын,

Панамда, анамда өзің едің

Қанша жыр саған жазсамда

Толмайды орның ақ іжем

Биітіңе сағынып барсамда

Қайызым қанбас бал әжем!

 

***

Аманбысың асқарым!

Сөзімнің шөлі  тұзда мұң.

Есіме алып отырмын,

Өзіңмен өткен, өмірдің ғазиз шақтарын!

 

Баяуда балқып тасыған,

Өсіріп едің жасымнан,

Бір кезде менде барармын,

Аларсың орын қасыңнан!

 

Өкпелей берме, ақ әжем

Ұмытты деп жадыннан

Мәңгілік орын алғансың,

Кеудемнің сол жақ тұсынан!

 

Өмірде әлі жүргенде,

Бақытты болар ем, сол кезде

Қайтейін қасқыр фәниді,

Қынжылып көзсіз күлгенді

Өмірге сондай ащуым,

Дауасыз тағдыр рөлінде!

 

***

Ал әже жақсымысың, жатырмысың

Қабіріңе зираттап келгенім шын

Балаңнан сәлем алып келдім бүгін

Басылсын бойыңдағы сағынышың!

 

Сағындым көрмейсіңбе ажарымнан

Таусылып тағат төзім базарымнан

Көп аңсап бақыт кілтін таппағасын

Қалдырдым ғазиз өмір жазарына

 

Бөбектей бесік кезден өсіргенсің

Қадірің құрмет сыйы ес білгесін

Дұғамды саған ана бағыштайын

Мәңгілік ұлы тұлғаң ескірмесін

***

Ақ орамал жабынып

Бешпентіңді тағынып

Отырушы ең ортада

Ұл қызыңа қамығып!

Енді отырмыз мінекей

Бір өзіңді сағынып!

 

Шара жоқ алла ісіне

Егілдім менде кісіне

Сене алмай әлі отырмыз

Өттіғой міне жүзі де

Кеткен еді, қайтып келем деп,

Келместен кеткен жан әжем

Ұзынды жолдың бойында

Бесеуі бірдей кеткен еді

Сол күні күннің аязы

Қатырып жолдың барлығын

Жасады жолдың тарлығын

Жол апат болды сол күні

Білгендей бәрін бесеуін

Жоғалтып алып отырмыз

Қоштаспай міне елім ай!

 Кетседе қанша шақырым

Жүректен орын өшпейді

Қайғылы қаза болсын деп

Құлақтан құлаққа жет мейлі

Құршындай құлан ағалар

Олардың орны бітпейді

Бауырым қаным апашым

Жадымнан мәңгі кетпейді

Жарқыраған жылулық

Жездеме ешкім жетпейді

Асылым едің ақ әжем

Санамнан ғұмыр кетпейді!

 

***

Айналайын ақ әжем

Өзіңді аңсап сағындым

Тас қораптың сыртынан

Егіліп жылап ағылдым!

Сағынып сені барғанда,

Көрмедім әжем жүзіңді

Жаныңа келіп тұрғанда

Топырақ жапқан сағымның

Құшақтай алмай жыладым

Сипалап мазар беттерін

Алладан тілек сұрайын

Өткен істерін кешіріп,

Жұмақтың берші кілттерін!

Ботадай боздап құлармын

Еңсіген өзек жас жүрек

Басыңа келіп тұрармын

Сағынған сайын, әр кезек!(кезде!)

Ұлы тұлға (анамыз Баянға немересі Жанардың сағынышы)


Биік тұлға отбасының, берекесін келтірген..
Бақ болатын маңдайында, ажыры мен көркімен.
Қолда барын аямайтын, шүкірмізғой алла деп,

Жан адамның қақпайтынет, жөнсіз мына бетінен.....

Қара шаңырақ қамын жейтін, ұлым қызым көрсіндеп.
Үйрететін салт дəстүрді, немереге өнсін деп..
Пішінайын толтырады дастарханды жайнатып,
Сол əжемнің арқасында, ей ағайын жүрсіңдер.

Гүлпəнім деп тұрғызады еркелікті салғыза
Тəтті дəмнің бəрін төгер мəгəзиннен алғыза...
Бəрін бəрін ойлаушы еді, ғазиз əже жүрегі
Аманат қып ошағын қалдырды да ұл қызға...

Білінеді жоқтығыда арамызда ойсыра,
Сағынышым əже сізге, жүректі өртеп қойсынба.
Балалықты  аңсап жүрмін, сол кездегі күндерді.
Құшып алып жатушы едің,ғазиз анам орнына.
 

Абылгазыұлы Білтен немересі  Тоқтасынова Жанар Құдайбергенқызы

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар