Қапиза Әбдіғұлов атындағы
№34 орта мектеп-гимназиясының
11 Ә сынып оқушысы Кенгашова Айсауле
Қолға қалам алып, әруағын ардақтап, шығармашылығын саралап, өнегелі өмірін үлгі еткім келетін Базар жырау жайлы айтқым келеді.
Жалпы өмір жолын білгім келіп әлеуметтік желіні ашып көрдім. Ол кісі Қызылорда облысы Қазіргі Қармақшы ауданында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып нағашысының қолында тәрбиеленеді.
Кейіннен шығармашылығына Сәкен мен Мағжан зерттеу жүргізіп, оларды қағаз бетіне түсіреді. Сонда Сәкен Сейфуллин шығармашылығына “Бұқар жырау мен Махамбеттей жыр алыптарынан кейін осы кісіні бағалаған” деп баға берген екен.
Иә, қазақтан шыққан жыраулар өте көп, олардың әрқайсысының қазақ әдебиетінен алар орны ерекше. Сол сияқты Базар жыраудыңда ойып тұрып алар орыны бары хақ. Базар жырау шөмекей ішіндегі балқы , шыққандықтан көбінесе оны Балқы Базар деп атайды. Жарайды оның қайда туылғанын , қандай шығармалары бар оларды кімдер қағаз бетіне түсіргенін білеміз. Бірақ ол кісі жайлы тың естеліктер жоқ. Кімдер мен өмір кешті, мінезінде не ерекшелік болды осынын бәрі жұмбақ, бірақ мен бүгін сол кісі жай кішкентай ғана естіген естелігім жайлы айтқым келеді.
Осы күнге дейін Базар жырау деген жырауды естіп көрмеппін. Анамның ауызынан бірінші рет естіген болатынмын оған қоса біраз естеліктер де естідім. Тындап отырсам Базар жырау бізге туысқандық қатысы бар екен. Балқы Базар анамның акесінің әкесі мен яғни үлкен нағашы атаммен көрші болыпты, ал бір жағынан рулары да бір болғандықтан болар туысқан болған. Естіген естеліктің бірін айтайын:
Бір күні атам базар аралап кетіпті. Базар жырау әжемнен келіп атамды сұрапты әжем аңдамай қалса керек. Бауырыныз базарлап кетті депті. Оны естіген Базар жырау жарайды, базарға кеткен болса мен кеттім деп ренжіп кетіпті. Ренжіген себебі мынау еді, Базар жырау әжеме қайынаға болғандықтан оның есімін атап қойды. Кейіннен ғана барып ойланған әжем артынан жүгіріп кешіріңіз аяғымды шалыс бастым, кетпеңіз кетсеніз бауырыныз мені өлтіреді деп әрең көндіріп алған көрінеді. Сонда Базар жырау қыңыр мінезді, аздап қырсықтау болған сияқты. Сөйтіп атам сапардан оралғанша үйде қонақ етіп қой сойғызып кешірімін алыпты.
Шығармашылығына келер болсақ адалдық пен арамдық, ақ пен қара, өмір мен өлім жайлы айтылады. Негізі сол кездегі жыраулардың шығармаларының көбісі бізге жетпей қалған. Бізге жеткені бірен сараны ғана.
Қорыта келгенде, біз білмейтін естімеген жырауларымыз қаншама? Соларды дәріптеп, болашаққа үлгі етіп қосу ол біздің яғни жастардың қолында деп ойлаймын. Қазақ әдебиеті ауқымы кең күрделі сала. Сол салаға кішкентай ғана болсын өз үлесімізді қоса жүрейік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі