Өлең, жыр, ақындар

Əлемдік оқулықтар қазақ тілінде

Сәуірдің 18-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы асында қазақ тіліне аударылған 30 жаңа оқулықтың тұсаукесері өтті.   Конференция жұмысына ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы  Аида Балаева,  «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, сондай-ақ Алматы қаласы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, аудармашылар қатысты.  Шара барысында қатысушыларға  қазақ тіліне аударылған кітаптар таныстырылып, биылғы жылы қандай оқулықтар тәржімаланатыны жөнінде мәлімет берді. Конференцияға қатысқан ғалымдардың  көпшілігі   аудармалардың өте сәтті шыққанын атап өтті. Тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, әдебиеттану және өзге де  ғылым салалары бойынша жазылған әлемдегі үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару- «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан тың жобалардың бірі де бірегейі. Дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға септігін тигізетін бұл жоба еліміздің ғылымы мен мәдениетіне қосылған өлшеусіз үлес  екендігі сөзсіз.

Гүлмария Тұрысбекқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз