Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің профессорлары «Медиасауаттылық және Fact-cheking мәселелері» атты семинар-треннинг өткізуде.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылды. Жаңа форматта жалғасын тауып отыр. Журналистика мамандығының қазақ және орыс топтарында білім алып жатқан студенттер осы шарадан мол тәжірибе алуды көздеп, түгелімен дерлік келген-ді. Профессорлар алдымен мұхиттың ар жағына байланысқа шықты. Атап айтсақ, АҚШ-тағы Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Эрик Фридманмен «скайпқа» шығып, медиасауаттылық жөнінде пікір алмасты. Осы орайда студенттер де қызықтырған сұрақтарын қойып жатты. Айта кетейік, осынау семинарға өңірлік басылымдарда қызмет атқаратын практик мамандар да қатысты. Бір жағынан, айтылған әр деректің құндылығы орасан еді. Одан ары келген меймандар Fact-cheking пен медиасауаттылықты тереңірек түсіндіріп, жас журналистермен сергіту сәті ретінде ойындар жүргізді. Маңыздысы сол, тақырыпқа тереңірек үңілу үшін әр студент белсене ат салысып, тың ойларын ортаға салды. Түрлі жағдаяттардан шыға білді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің профессоры Галия Ибраева күн сайын кемерінен төгіліп түсетін көп деректен қажеттісін қалай іріктеп алу керектігін қарапайым мысалдармен жете ұғындырды.
Бірінші күнді қатысушылар осылай қортындылады. Ертеңгі бөлімінде аталмыш білім ордасының доценті Қарлыға Мысаева ақпараттық қауіпсіздік бойынша дәрістер оқымақ.
Әділхан Есімханов С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Журналистика» мамандығының 3-курс студенті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі