Өлең, жыр, ақындар

Бір кем дүние

Кейбір адамдарды ''Бір кем дүние'' деген сөзді естіген кезде, бірден ақшаның аздығы, материалдық құндылықтар мен дүниенің таршылығы алаңдатады. Шынымды айтсам, бұл сөзді мен естіген кезде, көз алдыма терезенің алдында жылап отырған бала мен баласынан айырылған ананың зары саңылауымды жарып өткендей сезімде боламын. Əттең, дүние не боп кетті, халайық!?

Көшеде кетіп бара жатқанда, мүгедек адамдарды көргенде жүрегім қақ ортасынан қарс айырылғандай болады. Мұның бəрін біз өзгерте алмаймыз. Адамдардың қалай өмір сүруін мен шешпеймін. Өйткені ол менің қолымда тұрған жоқ. Эхх, менің қолымда болсаа... Шіркін!

Ал, біздің дене - мүшеміз сау, отбасымыз, туған - туысымыз жанымызда болса да, əйтеуір бір нəрсені алаңдаймыз да жүреміз. Қуанып жүретін уақыттарымыз өте аз екен. Осылай жүре берсек, қалған өмірдің қызығы неде? Ата - анам маған ''бір кем дүние'' деген не екенін де айтпапты. Тіпті жамандық жайлы ойлауға да мүмкіндік бермеген екен. Бұл дүниеден таршылық көріп жүрген адамдарды əр жерден көруге болады. Ал, мүгедек, жетімдердің жүзінен ешқашан күлкі кетпейді. Олардың мұңайғанын көрген емеспін. Кең дүниеден кем дүние жасап отырған өзіміз. Сондықтан да, барға қанағат ете жүрейік!

Тұрарханова Əсел


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

БАҚЫТБЕК ШӘКИЗА

ЖАҚСЫ ЕНДЫ ПЖ ДҮНИ ҚАЛАЙ ЕТСЕҢ ТАБЫЛАДЫ ТАҚЫРЫПТА ШЫҒАРМА ПЖ АЖ ТЕЗІРЕК ПЖ

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз