Елордада «Үздік педагог - 2019» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтеді.
Конкурстың жалпы сыйлық қоры 10 миллион теңге.
«Байқауда білім саласының барлық деңгейіндегі үздік педагогтар өз бағын сынай алады. Жалпы, ол 22 мамырға дейін созылады», - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Нақтырақ айтқанда, мектепке дейінгі ұйымдардың атынан қатысатын байқауы кезеңі 20 мамыр күні сағат 15.00-де басталады. Аталмыш кезеңнің бас жүлде иегеріне - 696 мың теңге, бірінші орынға - 510 мың теңге, екінші орынға - 340 мың теңге, үшінші орын иегеріне 226 мың теңге беріледі. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне «Әдіскер педагог», «Зерттеуші педагог», «Эрудит педагог», «Жаңашыл педагог» номинациялары бойынша 100 мың теңгеден табысталады.
Ал орташа білім беру ұйымдарының атынан қатысатын мұғалімдердің сайысы Оқушылар сарайында 21 мамырда сағат 10.00-де басталады. Ол байқауда бас жүлде иегеріне - 1 млн 745 мың теңге, бірінші орынға - 1 млн 645 мың теңге, екінші орынға - 1 млн 561 мың теңге, үшінші орын иегеріне 1 млн 21 мың теңге табыс етіледі. Сондай-ақ, ол байқауда «Әдіскер педагог», «Зерттеуші педагог», «Эрудит педагог», «Жаңашыл педагог» аталымдары бойынша 200 мың теңгеден берілмек.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының атынан қатысатын байқау кезеңі 22 мамырда сағат 10.00-де ұйымдастырылады. Аталмыш байқау кезеңінің бас жүлде иегері - 696 мың теңге, бірінші орын алғаны - 510 мың теңге, екінші орын иеленгені - 340 мың теңге, үшінші орын иегері 226 мың теңге ұтып ала алады. «Әдіскер педагог», «Зерттеуші педагог», «Эрудит педагог», «Жаңашыл педагог» номинациялары бойынша 100 мың теңгеден табыс етіледі.
Қосымша білім беру ұйымдарының қатысушылары арасында байқау кезеңі 22 мамырда сағат 15.00-де өтеді. Аталмыш байқау кезеңінің бас жүлде иегері - 500 мың теңге, бірінші орын алғаны - 400 мың теңге, екінші орын иеленгені - 300 мың теңге, үшінші орын иегері 200 мың теңге ұтып ала алады. «Әдіскер педагог», «Зерттеуші педагог», «Эрудит педагог», «Жаңашыл педагог» номинациялары бойынша 50 мың теңгеден беріледі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі