Өлең, жыр, ақындар

Ең қымбат ойыншықтар

Көпшілік ата-ана баланың ақыл-ойын дамытатын және физикалық тұрғыда жетілдіретін ойыншықтар сатып алуға қомақты қаражат жұмсаудан аянбайды. Алайда, орта дәулетті адамдар байлардың өз балаларының ойыншықтарына қандай қаражат жұмсайтынын елестете алмайды.

Астолат қуыршақ қамалы — $ 8,5 млн

Астолат қуыршақ қамалы 1974-1987 жылдар аралығында Элейн Диль атты Колорадалық миниатюристің жобасымен жасалған. Ресми түрде 8,5 млн долларға бағаланды. Қамалда 7 деңгей, 29 бөлме бар. Қамалдың мыстан жасалған шатыры және ағаш қабырғалары бар. Кей қабырғалар топпен көру үшін ашылуы, сондай-ақ алынуы мүмкін. Қамалда күндізге және түнге арналған жарықтандыру жүйесі бар. Ол уақытқа байланысты автоматты түрде өзгеріп отырады.

L'Oiseleur («құсбегі») — $ 6,25 млн

L'Oiseleur — француз тілінде «құсбегі» деген мағынаны береді. Оның бойы — 120 см. Қайта өрлеу дәуірінің көйлегін киген «құсбегі» флейтада ойнай алады. Қолында семсері бар, ал иығында өзі баптайтын құсы отыр. Олар қанаттарын қағып, тіпті, ән айта алады.

Madame Alexander-дің Элоиз қуыршағы — $ 5 млн

2000 жылы Madame Alexander компаниясы дизайнерлер мен әлемге аты танымал модельерлермен бірлесе отырып қолдан ерекше бес Барби жасады. Олар өз шедевріне Элоиз деген ат берді. Қазір барлық бес Элоиз қуыршағы жеке коллекцияларда. Олар үшін 9 караттық бриллианттан жасалған әшекейді Гарри Винстонның өзі ұсынса, тонды La Renta шеберлері тіккен.

Lamborghini автомобилінің моделі — $ 4,6 млн

Бұл — неміс инженері Роберт Гульпен жасаған Lamborghini Aventador LP 700-4 автомобилінің дәл көшірмесі. Әлемдегі ең қымбат автокөлік моделі көміртекті талшықтан жасалып, сырты таза алтынның жұқа қабатымен қапталған. Шанақтың қалған бөлігі 25 кг қымбат металдан тұрады және 500 килограмдық 22 караттық алтынның бөлігі пайдаланылған.

Шиманскидан футбол добы — $ 2,59 млн

Футболдан төрт жылда бір рет өткізілетін әлем біріншілігінің құрметіне Оңтүстік Африка зергері Яир Шимански 2010 жылы ескі классикалық үлгідегі футбол добының толық өлшемді бриллиант көшірмесін жасады. Доптың салмағы 2 килограмм шамасында. Ол 2 млн 600 мың долларға бағаланды. Зергерлік шедевр жасау үшін шеберге жалпы салмағы 3500 карат 6620 ақ және 2640 қара оңтүстік африкалық бриллиант қажет болған.

Steiff-тен Тедди қонжығы — $2,1 млн

Әлемдегі ең қымбатқа бағаланған Тедди қонжығын 2000 жылы Steiff неміс компаниясы жасап шығарды. XX ғасырдың басында осы компания жер шарындағы алғашқы ойыншық қонжықты тікті деген болжам бар. Әлемге аты танымал Louis Vuitton брендінің дизайнерлері дайындаған қонжық ең қымбат деп бағаланды.

Golden Monopoly — $ 2 млн

Ең қымбат «Монополияның» бағасы — 2 млн доллар. Оны Сан-Францисколық зергер Сидни Мобел жасаған. Ойын алаңы 23 алтын картамен безендірілген, ал алаңдағы 42 орын бриллианттан жасалған.

Рубик текшесі  — $ 1,5 млн

Бұл — рубин мен зүбәржатпен безендірілген 18 караттық алтыннан жасалған ең қымбат Рубик текшесі . Жалпы сатылым саны бойынша, ойыншықтар арасында Рубик текшесі көш бастап тұр. Бүкіл әлем бойынша шамамен 450 млн Рубик текшесі текшелерінің түп нұсқасы мен балама нұсқасы сатылған.

Тербелетін алтын жылқы — $ 600 мың

Ginza Tanaka зергерлік үйі Жапония ханзадасы Акисиноның отбасында дүниеге келген ұлдың құрметіне орай құрылысына 30 килограмм алтын жұмсалған тербелетін жылқы жасады. Алайда, ойыншық ойнауға ыңғайлы емес. Жылқы кішкентай бала үшін тым ауыр, сол себепті оны бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін үлкендердің көмегі қажет.  

Stefano Canturi Barbie немесе Diamond Barbie —  $302 500

2010 жылы белгілі дизайнер Стефано Кантури бір ғана нұсқада Барби жасап шығарды. Осыдан соң ол коллекционерлер мен оқушы қыздардың арманына айналды. Бірінші Барбиге қарағанда кейінгі сұлудың қолы мен аяқтары бүгіледі. Әрі адамдарға тән әртүрлі қалыптарға ене алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Дархан

Бір ойыншық пен өмір бойы күн көруге болады екен)

Қарлыға

Біздің көптеген аулдардың бюджеттерінен үлкен екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз