Өлең, жыр, ақындар

Түлкі мен тырна

Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты.

— Тырна, маған қонақ болып кет.

Тырна белгіленген уақытта келді.

— Кел, тырна, кел. Сені көргеніме қуаныштымын!

Түлкі тамақты екеуіне де тәрелкеге салды.

— Же, тырна достым, же, ұялма!

Тырна қанша тырысса да, түлкінің берген тамағын жей алмады. Ұзын тұмсығымен тәрелкені ары тоқылдатып, бері тоқылдатып, тамақты татып та көрмеді. Түлкі өзінің тәрелкесіндегіні тілімен жалап жеп қойды да тырнаға айтты.

— Кешір, тырнажан, саған беретін басқа менде ешнәрсе жоқ.

— Жарайды, сен де маған қонаққа кел — деді тырна.

Келесі түлкі тырнаға қонаққа келді.

— Амансың ба, тырнажан! Жағдайың қалай? Бәрі жақсы ма?

— Қайырлы күн, түлкішек! Сені күтіп отырмын.

Тырна түлкіні үйіне кіргізіп, үстелдің үстінде сұйық тамақ құйылған биік, жіңішке құмыраны беріп, айтады

— Же, түлкіжан, же, ұялма! Шамам келгенше дәмді дайындауға тырыстым.

Түлкі құмыраның ар жағына бір, бер жағына бір шығады, ал құмыраның мойыны жіп-жіңішке, ұзын. Түлкінің тұмсығы ең болмаса тілімен жалауға да жетпеді. Ал тырна тамақты ұзын тұмсығымен ішіп жатып, түлкіге қулана қарап қояды.

— Түлкі, сен неге ішпейсің? Менің тамағым ұнамай ма?

Түлкінің көңіл-күйі түсіп, қоштаспастан есікті қатты жауып, шығып кетті. Ал тырна болса қанатын қағып қала берді. Содан бері тырна мен түлкі дос болмайтын болды.

Назар аудар:

Сайттағы басқа да ертеілер.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (5)

Азамат

Супер

Марал

«Түлкі мен тырна» — қазақша классикалық балалар ертегісі, адамгершілік, достық пен сыйластық туралы түсінік беретін керемет әңгіме. Ертегіден түлкі мен тырна деген екі дос кездеседі, қонаққа шақырады, бірақ әрқайсысы қарсыластық пен түсініспеушілікке ұрынған әрекеттер арқылы достықтың сынға түсуін көрсетеді. Мұндай халықтық ертегілер балаларға достық, құрмет пен ұлтаралық қарым‑қатынас сияқты маңызды құндылықтарды жеткізеді.

Ертегі тілінің қарапайым әрі мәнді баяндалуы оқырманды өз бауырларына, достарына деген қамқорлық жайлы ойлануға шақырады. Түлкі мен тырнаның іс‑әрекеттері — біраз ойланып, түсіністік пен сыйластықты қалай күшейту керектігін көрсетуге арналған тамаша мысал.

Осындай қазақша ертегілер мен әңгімелер туралы пікірлерді бөлісу — балалар әдебиетін, қазақ тіліндегі контентті интернетте кеңінен танытуға және оқырмандардың назарын аударуға үлкен септігін тигізеді!

Ұлдана

«Түлкі мен тырна» — қазақ халық ертегілерінің балаларға арналған тамаша мысалы, онда жануар кейіпкерлерінің әрекеті арқылы достық, сыйластық пен мінез‑құлықтың айырмашылығын түсіндіруге болады. Бұл ертегіде түлкі мен тырнаның қонаққа шақыру жағдайында бір‑біріне шынайы көмек көрсете алмауы оқырманға жануарлар бейнесінде адамдық қасиеттер мен достықтың маңызын ойландырады.

Алма

Қазақтың классикалық ертегілерінің бірі, онда достық пен сыйластықтың өмірлік маңызы бейнеленген. Бұл ертегіде түлкі мен тырна бір-біріне қонаққа шақырып, әртүрлі тағам ұсынады, бірақ бірінің жағдайын екіншісі түсіне алмауы, сыйластық пен икемділіктің жоқтығы олардың дос екенін сақтай алмауына әкеледі. Оқиға оқырманға достар арасындағы қарым-қатынастың нәзіктігін, бір-біріңнің ерекшеліктеріңді құрметтеу қажеттігін және шыдамдылық пен түсіністікке негізделген достықтың маңызын көрсетеді. Осындай мазмұндағы ертегілер балаларға ғана емес, үлкендерге де адамгершілік, сыйластық және қамқорлық туралы маңызды сабақ береді.

Пікір қалдырыңыз