Егер сіз жағдай қолайлы болуын күтіп жүре беретін болсаңыз, іс-әрекетке ешқашан көшпейтін шығарсыз. Сізге әйтеуір бір кедергі келтіретін нәрсе әрқашан аяқтан шала береді. Не уақыт жайлы емес, не нарық нашар, не бәсекелестік тым жоғары. Нақты өмірде ісіңізді бастап кетуге қай жағынан да қолайлы кез болмайды. Сіз өзіңіз іске көшіп, туындайтын проблемаларды бір жақты етіп отыруыңыз керек. Істі бастайтын ең жақсы уақыт былтыр болған. Екінші мүмкіндік — дәл қазір.
Әрекет туралы ойланып-толғануға емес, әрекетті атқаруға дағдыланыңыз. Спортпен шұғылданғыңыз келіп жүр ме? Бастығыңызбен сөйлескіңіз келіп жүр ме? Бүгін істеңіз. Идея ойыңызда неғұрлым көбірек уақыт жүрсе, ол соғұрлым әлсірей береді. Бір-екі күннен соң мәселенің ұсақ-түйектері санаңыздан ақырындап өше бастайды. Бір апта өткен кезде сіз ойыңыздағыны ұмытып қаласыз. Іс адамы болсаңыз, сіз көбірек іс тындырып, жаңа идеялардың пайда болуына жағдай жасайсыз.
Идеялардың болғаны маңызды, бірақ олар өндіріске енгізілген кезде ғана құнды болады. Жүзеге асқан бір идея өз уақытын күтіп жатқан жүз идеяға татиды. Егер сіздің өзіңіз шынымен-ақ сенетін идеяңыз болса, бірдеңе қылыңыз. Іске кіріспесеңіз бір орында тапталып тұра бересіз.
Сіз жұрт алдына шығып сөйлеудегі ең қиын бөлігі — өз кезегіңізді күтіп тұру екенін байқадыңыз ба? Тіпті кәсіби ораторлар мер актерлер де өнер көрсетер алдында қобалжиды. Олар сөйлей бастағаннан-ақ тоқып-қобалжуы су шайғандай жоқ болып кетеді. Әрекет — қорқынышты еңсерудің ең жақсы тәсілі. Ең қиыны алғаш рет әреткетті бастау. Басталып кеткен соң, сіз сенімді бола түсесіз де, ары қарай оңайлай береді. Әрекет ету арқылы қорқынышты ысырып тастаңыз да, сенімділік арқылы табыс түзіңіз.
Шығармашылық үдеріске қатысты ең қорқынышты жаңылыстардың бірі — шабыт бар кезде ғана жұмыс істей аласың. Егер шабыт шапқылап отырып келе қалғанын күтсеңіз, сіз өте сирек әрі ұзақ-ұзақ үзілістерге кетіп жұмыс істейсіз. Күтіп отырғанның орнына өзіңіздің шығармашылық механизміңізді автоматты түрде іске қосып жіберіңіз. Егер бірдеңе жазуыңыз керек болып тұрса, отырыңыз да, жазыңыз. Қолыңызға қалам алыңыз. Шамаңыз келгенінше баяндаңыз. Таныс қимыл-қозғалыстарды жай ғана қайталай беру арқылы сіз мыйыңыздың жұмысын дұрыс арнаға бұра аласыз.
Нақты қазіргі сәтте істей алатын нәрсеңізге зейін қойыңыз. Бір апта бұрын істеуіңіз керек болған немесе ертең істеуіңіз керек нәрселер жайында алаңдамаңыз. Сіз өзгерте алатын жалғыз уақыт — осы шақ. Кешегі мен ертеңгіні көп ойлай берсеңіз, ештеңе де істей алмай қаласыз.
Әшейінде адамдар әңгімелескенді жақсы көреді, тіпті аздап әңгімелесу іскери кездесулердің практикасында да бар. Жалғыз өзі жұмыс істейтін адамның да басынан осы өтеді. Жұмысқа шындап кіріспес бұрын сіз почта жәшігіңізді, RSS-ридеріңізді қанша рет тексеріп тұрасыз? Бұндай зейінді өзіне аудара беретін нәрселерден аулағырақ жүруді және салған жерден іске кірісіп кетуді үйренбесеңіз, олар сізге қымбатқа түседі. Салған жерден іске кірісетін адам болып алған соң, сіз өз бойыңыздан тындырымдылықтың жаңа қуат-көздерін табасыз, ал басқа адамдар сіздің көшбасшылығыңызды байқай бастайды.
Кез келген іске жоғарыдан айтылатын бұйрықсыз-ақ, өздігіңнен кірісіп кету үшін өте тәртіпті адам болуыңыз керек. Осы себепті бастамашылдық — бұл барлық компанияларда менеджерлерінің бойында болуы тиіс қасиет. Бастаманы қолыңыздан шығарып алмаңыз. Жақсы бір идея тапсаңыз, жоғары жақтың нұсқауын күтпей-ақ оны жүзеге асыра бастаңыз. Адамдар, қам-қарекетіңізді қандай ыждаһаттылықпен істеп жүргеніңізді көргенде, сізді атап ардақтайды. Жоғары жақта отырғандарға не істеу керек екенін ешкім айтпайды. Егер олардың қатарынан табылғыңыз келсе, ешкімнен сұрамай, дербес әрекет етіңіз.
Оқып-үйренуді әдетке қалай айналдыруға болады
Өзімізді тәртіпке келтіру үшін 5 кеңес
Жауапкершіліктің маңызы қандай?
Ақылды адамдар жасайтын ақымақ әрекеттер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Сара
мығыналы