Өлең, жыр, ақындар

Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау

Тамыз айының 12-16 аралығында Қарағанды қаласының педагогикалық шеберлік орталығы Жазғы мектеп аясында "Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі "Қазақ тілі" мен "Қазақ әдебиеті" пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау" орта білім беру ұйымдары педагог кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша семинар өткізуде. Семинар барысында мұғалімдер бөлім бойынша, тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды талдау, бағалау, сондай-ақ оларды өз бетінше әзірлеу және сараптау дағдыларын меңгеруде. Жаңартылған білім мазмұны бойынша толыққанды жұмыс істеуде бұл бағдарламаның қажеттілігі зор дей аламын.

Қысқа уақытта өз шеберлігімен бағдарламаны еркін меңгертіп жатқан тренер Смаилова Айкен Исатаевнаға айтар алғысымыз шексіз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз