Сырым әрі батыр, әрі шешен, тапқыр, ақылды адам болған. Ол халық қамқоры, батыл да адал адам бейнесінде көрінеді. Бір мәжілісте Нұралы хан Сырымнан:
— Ханның құны не болады? — деп сұрапты. Сонда Сырым:
— Ханның құны — бір арба жібектің күлі, — дейді.
— Жібектің күлі болушы ма еді? — дейді хан. Сонда Сырым:
— Тақасыр, сіздей ханда құн болушы ма еді? — деген екен.
Бір күні біреу Сырымға:
— Қатты адамға мал тұрады деген не? Соны айтшы, — дейді Сонда Сырым:
— Қатты адамға мал тұрса, шөп шықпайтын тақыр-дағы, — депті.
Бірде екі адам дауласып, ханға келеді. Бұлармен Сырым да келеді. Хан дауды шеше алмайды. Сонда Сырым сөзге араласып:
— Су атасы — бұлақ, сөз атасы — құлақ, жол атасы — тұяқ. Бір тұяққа — тұяқ емес пе? — дейді ханға.
Хан сөзден жеңіліп, малдың тұяғына тұяқ, басына бас беріп, разы қылыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі