Тезек төренің жалғыз баласы өлгенде үш күнге шейін көмбей баласын қимай отырған. Сонда өзі 80 жаста еді. Сол кезде өзінің қол астындағы халқы жиналып ешқандай жауап бере алмай отырғанда, Қызылбөрік Қаткелді деген 16 жастағы жетім бала келіп: «Мен айтамын», — деп, есікті түріп айтқан көңілі:
Ассалаумағалейкум, алдияр тақсыр төрем!
Арғымақ су ішем деп шөлге кетер,
Сұңқар, қаз балығым деп көлге кетер.
Көңіл аунап селт етер,
Бәрі өзіміз баратын жерге кетер!
Қаса сұңқар қаз ілсе,
Қанатын жерге тигізбес.
Қас патшаға қайғы түссе,
Қайғысын халқына білгізбес.
Кекілік тасқа шығар секіріп,
Мына опасыз дүниеде
Кім қалады бекініп?
Ал сен тұғырдан тұйғын ұшырыпсың,
Кұдай артыңның қайырын берсін!
Ай, төрем, бала көп,
Көптің баласы болмаса,
Бұл балаға көп келе ме?!
Көп силаған балаңыз болмаса,
Көп Сізге көңіл айта ма?!
Сонда көпшілік тұрып: «Ойбай, Қаткелді, көңілді айттың, неге боқтадың? Бізді айыптайды ғой», — деген. Сонда Қаткелді айтады: «Төреңіз ақылды болса біледі, ақымақ болса бізді айыптайды», — деп атына мініп жүріп кеткен. Сонда төре далаға шығып Қаткелдіні шақырып алып: «Балам, жаңағы сөзіңді қайта айтшы?», — деп, қайта айтқызған. «Дұрыс айтасың, балам, баламнан ақылды екен» деп, халқын құрметтеп, ойнап-күліп жүріп кеткен екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі