Ана ... . Қандай ғажайып сөз. Үш қана әріптен тұрса да, қаншама мағынаға ие. Түн үйқысын төрт бөлген адамды қалай асыл жан, ардақты ана деп айтпайсын. Біз осы дүниенің есігін ашқаннан бастап бізді алақанына салып, әлпештеп, дүниенің алуан түр түсін үйреткен – ана. Біздер үшін не істемеді?
Ойланып қарасаң ана туралы өлең, жыр, ән де көп. Бірақ олардың ешқайсысы ананың махаббатына, бізді осы жарық дүниеге әкелгеніне жетпейді. Қандай ақын, жырау болмасын өз шығармасында анасы туралы айтқан. Міне, мен де ардақты аналар туралы азын ғана айтып өтпекпін.
Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да ешқашан қарызынды өтей алмайсың. Ананың бізге жасаған жақсылығы осы әлемнің жартысынан көбірек. Осы жарық дүниеге келгеннен бастап өз мейірімін аямай, бауырына басып, әлпештеп келе жатқан жан. Біз анамызды қанша ренжіттік, рас қой?! Анаға қанша ауыр сөздер айттық, бір жерге жұмсаса «Қойшы, қазір барам» дейміз. Ал бұл сөз ананың жүрегіне қанша ауыр тисе де, ана бауыр еті баласын жылатып, жұбатпай қалған кезі болған емес. Еш жерден сен тас жүрек ананы көрмейсің, әрбір ананың жүрегінің түкпірінде бір мейрім жатыр. Тек әрбір адам сол мейрімнің ұшқынын жоғалтпау керек, ананы ренжітпеу тиіс. Ана біздің тату-тәтті жүрегімізді көргісі келеді, сылдырлаған күлкімізді тыңдағысы келеді. Бұның өзі анаға бір үлкен бақытты сезінгенге тең. Ананың жүрегінің жылуы шексіз.
Мысалға: дәл мына терезеден қарағандағы ағашты алайық. Сол ағаш бір отбасы секілді кейбір жапырақтары сарғаяды, біздің аналарымыз секілді қартайады, бірақ балаларына әрқашан күлімдеп қарайды. Аналар негізінде өте қарапайым адамдар. Тіпті өздері қанша ауырсада білдіртпейді, біздің алдымызда күлімсіреген көзімен асымызды алдымызға әкеліп қояды. Қандай шыдамды жандар десеңші?!
Ең алдымен қалам ұстатып, осы балам жақсы азамат болады-ау деген арманымен алға қарай талпынады. Бізді оқытады, тоқытады, алға қарай жетелейді. Біз туралы жағымсыз сөз естігісі келмей әрқашан ақылдарын айтып отырады. Ана әрдайым өз күш-жігерін перзентіне жұмсайды. Бұл жандар жүрген жерде әрқашан да мейрім шуағы төгіліп тұрады. Осы мейрім шуағымен жылынып жүрген шарана қаншама.
Дәл қазір анамызды аялайық, бағалайық. Оның бетінен күліп жүрген жүзді көруге жеткізейікші. Әйтпесе, өте кеш болу мүмкін. Сесебі, өмірде уақыт деген нәрсе бар, ол тоқтамайды, жүре береді, жүре береді.
«Анасыз өмір – сөнген көмір» секілді ананы бар кезінде бағалайық, сыйлайық, қастерлейік,құрметтейік. Себебі сізге ана қанша жақсылық жасап жатыр. «Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады» - демекші, ана сіздер үшін өте көп алаңдайды,уайымдайды. Сондықтан құрметті оқырмандар, сіздерден өтінерім бұл өмірде анамыздың жүрегін ауыртпайықшы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Алихан
Кушты
Гүлім
Орыстың ұлы жазушысы Максим.Горький Адамның бойындағы жақсы қасиеттің бәрі күннің нұрынан және ананың ақ сүтінен жаралған деп.
Дильназ
керекмет
Зарина
Кушты шыккан
Арман
Круто
Самат
Жақсы айтылған екен.