Адам өмірінде аз уақыт ішінде болып жатқан өзгерістер саны адамнан кез келген өзгерістерге шығармашылық және нәтижелі қарауға мүмкіндік беретін қасиеттерді талап етеді. Тұрақсыз өзгерістер жағдайында аман қалу үшін, оларға парапар жауап беру үшін адам өзінің шығармашылық әлеуетін жандандыруы тиіс. Осылайша, қазіргі уақытта оқытудың жаңа түрлері мен тәсілдерін іздеу – тек заңдылық ғана емес, қажетті құбылыс. Білім беруді ізгілендіру жағдайында жаппай оқытудың қазіргі теориясы мен технологиясы үздіксіз өзгермелі әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге қабілетті, өзіндік мінез-құлық стратегиясын батыл әзірлеуге, таңдауын жүзеге асыруға және ол үшін жауапкершілік алуға қабілетті, күшті тұлғаны қалыптастыруға яғни өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі іске асыратын тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Қазіргі жағдайда шығармашылық тұлға қоғам дамуының барлық сатыларында сұранысқа ие болады. Техналогиялық машиналар мен түрлі автоматтандырылған жұмыс жүйелері уақыт талабына сай жаңартылып, түрлі өзгерістерге ие болып жатқан заманда осы машиналар мен жаңа жүйелерде жұмыс жасайтын мамандарды даярлау біздің басты міндетіміз. Өндірістің әрбір саласына білікті жұмысшы мамандар даярлау және жұмысшы мамандықтарға деген талапкерлердің қызығушылығын арттыру техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басты мақсаты болып саналады. Студенттердің шығармашылық белсенділігін және пәндерге қызығушылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әр түрлі конкурстар, чемпионаттар, олимпиадалар өткізіледі, мысалы: дүние жүзі бойынша кәсіби даярлау стандарттарын арттыру, жұмысшы және техникалық кәсіптерді дәріптеу мақсатында құрылған «Worldskills интернейшнл» халықаралық чемпионаты, бұл чемпионат Жамбыл облысы өңірінде 2015 жылдан бері үздіксіз өткізілуде. Сонымен қатар арнайы пәндерді оқытуда ұстаздар жаңа иновациялық оқу технологияларын, ойын элементтерін және өзін-өзі дамыта оқыту технологияларын қолдануда.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында кез келген оқыту технологиясы студенттердің қызығушылығын арттырып және белгілі бір саладағы ақпаратты жеңіл игеру ерекшеліктеріне ие. Мұндай технологияларға ойын технологияларын жатқызуға болады. Жұмысшы, техникалық мамандықтарды игеру кезінде студенттер теориямен қатар оқу тәжірибесін, өндірістік тәжірибесінен өтеді. Теориялық сабақ кезінде жаңа ақпарат алып белгілі бір заттардың (механизм, агрегат, жұмыс технология, шикізат т.б) құрылымымен, жұмыс принцепімен танысып, зерттейді. Ал сол теориялық сабақ кезінде алған жаңа ақпаратына дәлелді студент оқу тәжірибесінде, өндірістік тәжірибесінде табады. Дәл осы оқыту процессі кезінде теориялық сабақтарда студенттерді жарыстыра отыра өтілген тақарап бойынша игерген білімдерін бағалау үшін, қолымен ұстап жұмыс істеп көрген механизімінің сипаттамасын, анықтамасын нақты студенттің білуі үшін ойын элементтерін және өзін-өзі дамыта оқыту технологияларын қолдану таптармайтын құрал.
Ойын элементтерін және өзін-өзі дамыта оқыту технологияларының міндеті-оқыту үдерісін қызықты ету, студенттің бойында жақсы жұмыс көңіл-күйін қалыптастыру, оқу материалын меңгерудегі қиындықтарды жеңілдету. Оқытылатын пәннің теориясы мен тәжірибейсі бойынша білімді жүйелі түрде жетілдіру және тереңдету.
Ойын нақты қойылған оқу мақсаттарымен және оған сәйкес педагогикалық нәтижелермен ерекшеленеді. Дидактикалық ойын келесі негізгі компоненттерден тұрады: ойын ойы, ойын әрекеті, танымдық мазмұны, құрал-жабдықтар, ойын нәтижелері.Ойын ойы-ойынның атауы. Ол сабақта шешетін дидактикалық тапсырмада қойылған және ойынға танымдық сипат береді, қатысушыларға білімге қатысты белгілі бір талаптар қояды. Мысалы ойынның бір түрін қарастырайық: оқу жоспары бойынша «Жерқазғыш машиналар» бөлімін аяқтап жатырсыз, соған сай ойынның атауы «Жерқазғыш машиналар» болады. Студенттерді топтастырып сол бөлімде ірі неше тақырап бар сонша топқа бөлеміз (кемінде 3 студенттен), әр топтың атауы тақырып бойыша болады. 1ші топ «Эксковатор», 2ші топ «Бульдозер», 3ші топ «Автогрейдер», 4ші топ «Погрузщик» т.б. Ойынның шарты бойынша әр топтан бір студент(топ мүшесі) берілген машина түрі бойынша: 1ші студент машинаның шығу тарихы мен түрлерін айтып түсіндіреді; 2ші студент құрылымын, негізгі жұмыс істеу принцепін (слайдтан)түсіндіреді; 3ші студент машина артықшылығымен кемшілігін, тиімділігін дәлелдейді; 4ші студент машина сызбасымен қарсылас топтарға сұрақ жауап дайындайды.
Ережемен ойын барысында студенттердің іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары анықталады. Олар сабақтың мақсаты мен студенттің мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді. Ережелермен студенттердің өз мінез-құлқын басқару дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасалады. Ойын ережесімен регламенттелген әрекеттер студенттердің танымдық белсенділігіне ықпал етеді. Дидактикалық ойынның негізі инновациялық мазмұн болып табылады. Ол оқу проблемасын шешуде қолданылатын білім мен іскерлікті меңгеруден тұрады. Ойын жабдықтары сабақ құралдарынан тұрады: көрнекілік, дидактикалық үлестірме материал және т. б. Дидактикалық ойын белгілі бір нәтижеге ие, ол қойылған тапсырманы шешу және студенттердің іс-әрекеттерін бағалау түрінде болады. Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық элементтері өзара байланысты.
Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде дидактикалық ойындарды қолданудың мақсаттылығы әртүрлі. Жаңа білімді игерген кезде дидактикалық ойындардың мүмкіндіктері дәстүрлі оқыту формаларына жол береді. Сондықтан оларды оқыту нәтижелерін тексеру, дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру кезінде жиі қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі