Еліміздегі жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтеріледі. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру және педагогтарды қолдау жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақысын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50 пайызға дейін арттыру міндетін жүктеді. Бұл шешімнің нақты негіздері бар. Біз жоғары оқу орындарының бюджетіне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтің бар екендігін көрсетті», - деп жазды министр.
Оның атап өтуінше, бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алады. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес.
«ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны көтеруді қазірдің өзінде бастап кетті. Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындауы тиіс. Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақы белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз. Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Барлығы қолда бар мүмкіндіктер аясында жасалады. Жас ғалымдарды қолдау тетіктері де болашақта қарастырылады»,- деді Асхат Аймағамбетов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі