Бір ақсақалдың асы беріліп жатады. Оған Жанақ та келеді. Бәйге жарысына өзінің Шұбар деген жүйрік атын қосады. Озып келген атты сол елдің бір байы «менікі» деп дау салады. Қазыға жүгінсе, қазы оларға:
— Дәлелдейтін нелерің ба? — дейді.
Сонда Жанақ:
— Құлынынан асырап едім. Атымның есінеген кезде көрінетін көмейінде танадай қалы бар, — дейді.
Билер тексере келсе, рас болып шығады. Әлгі даукес бай ат-шапан айыбын төлепті.
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Нұрмағанбет
Бул әңгімені мен баскаша естіп едім, Шубарды кулын кезінен білем деп даукес адам аитып, Билер соған бергізеді, Сонда Жанақ Мына адам бұл Шубарды менікі дер, Кудайым өзің біліп жазасын бер деп жүгені мен ер тоқымын сыпырып алып кала берген, Әлгі қу белындегі белдемшесінің бір ұшын аттың мойнына байлай салып жетектеп кетіп бара жатқанда, ат бірдеңеден үркіп, тулап қашқан сонда сүиретіліп каза табады, ел жиналып Шубарды Жанаққа береміз дегенде, акын жоқ бул жылқыны марқұмның асына сойыңдар деген екен,
Дастан
Халық ауыз әдебиеті ғой, әр жерде әр түрлі болуы мүмкін
Мақұлбай
Нұрмағанбет қазақтың пікірін жақтаймын. Мен де солай оқып едім. Жанақ ақын болған. Табан астында өлең шығарған. Тілегі көз алдында қабылданған екен дейтін осы әңгімеге байланысты.
Манас
Бұл әңгімені мен де басқаша оқып едім, бір жігіт Жанақтың аты есінегенде таңдайындағы қалды көріп қалады, сосын менікі деп жабысады, дәлелің қандай дегенде, сол қалды айтады, билер Жанақтың атын әлгі жігітке алып береді. Жігіт атты жетекке алып, арықтан өте бергенде ат үркіп, жігітті сүйреп өлтіреді.
Сайлау Байбосын
Бұл әңгіме Мәшһүр Жүсіп жазбаларындағы "Жаламен үш шабылған Жаңабатыр би" деген әңгімеде тіпті басқаша айтылады. Бірақ оқиға Жанақ әулиеге емес, оның әкесі Күлік Жаңабатыр биге қатысты.
Жанақ ақын деп Қаракесектен шыққан белгілі Жанақ ақын Сағындықұлын айтады. Бұл Жанақ Жаңабатырұлының оған еш қатысы жоқ, бұл кісіні әулие Жанақ деп атаған, ол би болған адам. Ел ішінде "Қаһарлы Жанақ", "Дұғалы оқ Жанақ" атанған адам. "Аттым!" десе, мал болсын, жан болсын ұшып түседі екен. Ол туралы дұрыс ақпарат алам десеңіздер Мәшһүр Жүсіптің томдарын қараңыз.