Өлең, жыр, ақындар

Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген.



Өлеңдері Нақыл сөздері

Иман — жанның сапасы.

Ілмектер: иман, жан, сапа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дулат Бабатайұлы

Қорқақтықтың белгiсi,
Арықты да жар дейдi.
Кертартпаның белгiсi,
Кең дүниенi тар дейдi.

Ілмектер: қорқақ, арық, кертартпа, дүние, тар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дулат Бабатайұлы

Бұл заманның жақсысы: бірін-бірі көре алмас, жұртына пайда бере алмас.

Ілмектер: заман, жұрт Дулат Бабатайұлы

Ата-ананың ақылы — қазулы қара жолмен тең.

Ілмектер: ата-ана, ақыл, жол Дулат Бабатайұлы

Қарап көріңіз