Расул Ғамзатов нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.
Расул Ғамзатов (1923-2003) — Дағыстанның халық ақыны. Расул Ғамзатов жырлары қазақ жұртшылығына да жақсы таныс. «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» кітаптары әр қазақтың төрінде тұр. «Тау қызы» театр сахнасында қойылды. «Менің атам» - бүлдіршіндердің сүйіктісі болды. Шынында, Расул Ғамзатов жырларынан адамға деген соншалық бір жылылық сезіледі. Кейіпкерлердің мінез-әрекеттері, салдығы мен мәрттігі, қайсарлығы мен қайырымдылығы да қазақтан айнымай, ұқсап тұрады. Ол бәрін де бүкпесіз, ағынан жарылып айтады. Жазу мәнерінен, ұлттық бояуынан, жеңіл әзілінен жүз ақынның жырынан Расул өлеңін бірден айыруға болады. Туған топырақтың бар маңызын бойына сіңірген Расул екі сөзінің бірінде өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Ылғи да ел мен жерге деген іңкәрлікті жырлайды. Ол бұрынғы аңыздар мен бесіктегі жазуларға дейін қисынын тауып құлпыртып, осы бір перзенттік құштарлықты уағыздайды. Әрі үлкен-кішіге, тұрмыс-тіршілігі әр түрлі адамдарға бірдей үғымды тілмен, табиғи түрінде шебер жеткізе біледі.
Қанжарды шығаруға асықпа, оның орны қынапта. Тағы бiр жай: қанжар сенде ғана емес, басқада да бар екенiн ұмытпағайсың, жоқ болғанның өзiнде, ол оны табады.
Ілмектер: қанжар, асығыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов
Аштық — үрейлi нәрсе, соқыр немесе керең болу жаман, бiрақ жалғыздық одан да ауыр.
Ілмектер: Аштық, үрей, соқыр, керең, жалғыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов
Бақыт дегенiмiз бақытсыздықтан аулақ жүру дағдысы.
Ілмектер: бақыт, дағды, бақытсыздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов
Өткенге тапаншадан оқ атсаң, болашақ саған зеңбiректен оқ жаудырар.
Ілмектер: өткен, тапанша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, болашақ, зеңбірек, оқ Расул Ғамзатов
Кiшкентай кiлтпен үлкен сандықты ашуға болады.
Ілмектер: кішкентай, үлкен, сандық, кілт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов
Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері...
Ілмектер: кітап, дос, жомарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Расул Ғамзатов
Көзінді тосар, адал дос одан жоқ тегі.
Кітап — үйдің ашулы тұрған терезесі.
Ілмектер: кітап, үй Расул Ғамзатов
Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек.
Ілмектер: өзін-өзі тану, кітап Расул Ғамзатов
Ана тілім менің. Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім де сенсің, сені мақтан етем.
Ілмектер: тіл, ана тілі Расул Ғамзатов
Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.
Ілмектер: тіл, құрбандық Расул Ғамзатов
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі