Өлең, жыр, ақындар

Роберт Де Ниро

Кіші Роберт Де Ниро (ағылш. Robert De Niro, Jr., 17 тамыз 1943 жыл) – американ актері, режиссер, продюссер.

Кинодағы ең алғашқы тәжірибесі Брайана Де Пальманың «Свадебная вечеринка» фильміндегі рөлі болған. 1973 жылы түскен «Бей в барабан медленно» фильміндегі бейсболистің рөлімен көпшілікке таныла бастаған. Осыдан кейін біраз фильмдерге түсіп, сыншылардың оң көзқарастарына ие болады.

Қазіргі кезде ол үздіксіз киноға түсуде, сонымен қатар режиссерлік жұмыспен де айналысуда. Ол сәтті кәсіпкерлердің бірі саналады.


Нақыл сөздері

Кейде мен өлілерге қатты қызығамын. Өйткені олардың бос уақыттары өте көп.

Ілмектер: өлім, уақыт Роберт Де Ниро

Адамдар әр түрлі болады. Біреулер ерекше бір нәрсе ойлап тапқысы келсе, енді біреулер сол нәрседен қалай ақша түсіруді ойлап отырады.

Ілмектер: адам, ақша Роберт Де Ниро

Егер орындығыңыз жақсы болса, жұмысқа да, басқаға да тез кірісіп кетесіз.

Ілмектер: жұмыс, орындық Роберт Де Ниро

Жақсы мен жаманды ажыратып үйрететін адамға бәрін беруге де болады.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам Роберт Де Ниро

Жасарудан арықтау әлдеқайда жеңілдеу сияқты. Бірақ екеуіне де қол жеткізуге болады.

Ілмектер: жасару, арықтау Роберт Де Ниро

Мен артық киімдердің болғанын қаламаймын. Өйткені киімің көп болған сайын оларды жұмсайтын күш-қуатың да көп болады.

Ілмектер: киім, артық, қалау, күш, қуат Роберт Де Ниро

Менің өмірден байқағаным қарттық пен сақтық қатар келеді екен.

Ілмектер: қарттық, сақтық, қарт Роберт Де Ниро

Менің ойымша режиссер мен президенттің жұмыстары бір-біріне қатты ұқсайды.

Ілмектер: ой, президент, режиссер, жұмыс Роберт Де Ниро

Қандай күйзеліс келсе де күлімдеп қарсы алу керек. Сонда ол сізді есуас деп ойлап, өзі қашып кетеді.

Ілмектер: күйзеліс, күлімдеу Роберт Де Ниро

Жастық шағыма қарағанда мен қазір көп күлемін. Себебі адамдарға көзқарасым өзгерді.

Ілмектер: жасты, шақ, күлу, көзқарас, адам Роберт Де Ниро

Бір нәрсені түсіну үшін алдымен байқап көру керек.

Ілмектер: түсіну, байқау Роберт Де Ниро

Әр адамның өз шындығы бар.

Ілмектер: шындық, адам Роберт Де Ниро

Дарын дегеніміз - дұрыс таңдау жасай білу.

Ілмектер: дарын, таңдау Роберт Де Ниро

Қорқуды қойған дұрыс. Алайда қайсарлық пен ессіздікті шатастырып алмауыңыз керек.

Ілмектер: қорқу, қайсарлық Роберт Де Ниро

Тәуекелге бара алмайтын жандар өздерінің икемділігін, қабілеттілігін аңғармайды.

Ілмектер: тәуекел, адам, икем, қабілет Роберт Де Ниро

Қарап көріңіз