Өлең, жыр, ақындар

Сәуірбек Бақбергенов

Сәуірбек Бақбергенов (1920, Созақ ауданы — 1997) — Қазақстанның халық жазушысы (1996).

Талғат повесі (1950), Қайран шешем (1963), Адам және көлеңке (1969), тағы басқа 20-ға жуық романдар мен повестер жинағы жарық көрген.

Түркістан каласыңдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осындағы теміржол, кейіннен педагогика училищесінде оқиды. 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Подольск жаяу әскер училищесін бітірісімен Мәскеу түбіндегі ұрыстарға катысады. С. Бақбергенов И.В.Панфилов атындағы N8 гвардиялық дивизияның офицері — атқыштар взводының командирі.

Әскер қатарынан босаған соң "Социалистік Қазақстан" газетінде еңбек етті. 1950 жылы мәшһүр ұшқыш Талғат Бигелдинов атындағы хикаятын бастырады.


Қарап көріңіз