Өлең, жыр, ақындар

Константин Паустовский

Паустовский Константин Георгиевич (31.5.1892, Мәскеу, - 14.7.1968, сонда, қалуға облысындағы Тарус қаласында жерленді) – орыс совет жазушысы. «Суда» атты алғаш жазған әңгімесі 1912 жылы жарияланды. Киев унивеситетінде оқыды (1911-13). 1917 жылдан кейін РОСТА мен ТАСС-та (1924-29) қызмет етті. Паустовскийдің алғашқы шығармалары – «Теңіз нобайлары» (1925) «Минетоздар» (1927) т.б. әңгіме, очерктер жинағы, «Жаркыраған ақша бұлттар» (1929) романы. Оның атын шығарған шығарма –«Қара бұғаз» (1932) повесі. 30 жылдары «Колхида» (1934), «Қара теңіз» (1936), «Солтүстік повесі» (1939) т.б. повестері мен «Исаак Левитан» (1937), «Тарас Шевченко» (1939) т.б.биографиялық циклге кірісіп, оның «Алыстағы жылдар» (1945), «Мазасыз жасытқ шақ» (1955), «Тылсым ғасырдың басы» (1957), «Зор үміт шағы» (1959), «Оңтүстікке талпыныс» (1960), «Көзбелер кітабы» (1963) бөлімдерін аяқтады. «Алтын раушан» (1955) бөлімдерін атты романы «жазушы еңбегінің тамаша мәнін» бейнелейді. Паустовский шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде шетел тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде «Қара бұғақ » (1935), «Телегей тасқын» (1973) атты повестер мен әңгімелер жинақтары щықты. Ленин орденімен, басқа 2 орденімен жіне медальдармен марапатталған.


Туындылары Нақыл сөздері

Шын бақыт деген, ең алдымен, надандардың емес, бiлетiндердiң үлесi. Мысалы, өсiмдiктер өмiрi мен өсiмдiктер өмiрiнiң заңдылықтарын бiлетiн адам қандыағашты көктеректен немесе беденi жолжелкеннен ажырата алмайтын адамнан әлдеқайда бақыттырақ.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, надан, өсімдік, өмір Константин Паустовский

Надандық адамды өмiрге немқұрайды етедi, ал немқұрайдылық баяу өседi, бiрақ тоқтамайды.

Ілмектер: немқұрайды, Немқұрайдылық, адам, өмір, надан, қанатты сөздер, афоризм, нақыл Константин Паустовский

Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм Константин Паустовский

Ана тіліне немқұрайлы қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

Ілмектер: ана тілі, тіл, болашақ Константин Паустовский

Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.

Ілмектер: отан, жүрек, адам, өмір Константин Паустовский

Қарап көріңіз