Өлең, жыр, ақындар

Мамадияр Жақып

Мамадияр Дәлдібекұлы Жақып (26.5.1938 жылы туған, Арыс ауданы Байырқұм ауылы) — журналист. ҚазМУ-ды бітірген (1960). 1960 – 61 жылдары «Семей таңы» газетінде еңбек етті. 1961 – 65 жылдары Семей облыс(ы) Комсомол комитетінің хатшысы, 1965 – 71 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Семей облысындағы меншікті тілшісі, 1973 жылдан газеттің ауыл шаруашылық(ғы), өнеркәсіп, партия тұрмысы бөлімдерінің меңгерушісі болды. 1986 – 87 жылдары Алматы облыс(ы) «Жетісу» газетінің редакторы, Желтоқсан оқиғасынан кейін 1987 – 88 жылдары Күрті ауданы «Шұғыла» газетінде корректор, 1988 жылдан «Социалистік Қазақстан», (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет етіп келеді. Ж-тың «Абырой», «Ұстаз» деген кітаптары бар. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1982, 1996, 2005), «Құрмет» орденінің иегері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы.


Қарап көріңіз

Пікірлер