Эссе және өлең-жыр байқауы

Ханс Кристиан Андерсен

Андерсен Ханс Кристиан (02.04.1805, Оденсе қ. — 1.8.1875, Копенгаген) — дат жазушысы. Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы.

“Импровизатор” (1835), “Тек скрипкашы” (1837), “Қос баронесса” (1-3, 1849) романдары, “Мулат” пьесасы, “Ақын базары” (1842) жолжазба очерктер кітабы, “Менің өмірімнің ертегісі” өмірбаяндық кітабы т.б. шығармалары әлем оқырмандарына жақсы таныс. Негізінен, әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. “Балаларға айтылған ертегілер” (1-3 кіт., 1835—37), “Жаңа ертегілер” (1845 — 48), “Оқиғалар” (1852 — 53) деген жинақтары жарық көрді. “Қайыспас қалайы солдат” (1838), “Шошқа бағушы” (1841), “Бұлбұл” (1843), “Сүйкімсіз балапан” (1843), “Қаршақыз” (1844), “Көлеңке” (1847), “Ана” (1848) т.б. танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен.
Пошталық марка, Дания, 1935 жыл
Пошталық марка, Дания, 1935 жыл

Андерсен ертегілері тек балаларға арналмаған. Әлеуметтік-психологиялық астар, ащы сарказм Андерсен ертегілерінің көпшілігіне тән (мысалы, “Корольдың жаңа киімі” ертегісі). Андерсен атында халықаралық әдеби сыйлық бар. Қазақ жазушысы М.Қабанбаев “Пысық болдым, мінеки” повесінде ұлттық мінездің ерекшелігін ашып көрсеткені Халықаралық Х.К. Андерсен атындағы Үлкен Грамотасын алған (1989). Андерсеннің “Ертегілер” (1948, 1951, 1960), “Перизат” (1968), “Сандық самолет” (1970), “Сүйкімсіз балапан” (1981), “Таңдамалы ертегілер” (1984) кітаптары қазақ тілінде жарық көрген.


Туындылары Нақыл сөздері

Қозғалу, тыныс алу, қалықтау, жүзу, сыйлық беру-алу, зерттеу, саяхаттау – міне, өмірдің мәні осы.

Ілмектер: саяхат, сыйлық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханс Кристиан Андерсен

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...