Қозғалу, тыныс алу, қалықтау, жүзу, сыйлық беру-алу, зерттеу, саяхаттау – міне, өмірдің мәні осы. Ілмектер: саяхат, сыйлық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханс Кристиан Андерсен Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қозғалу, тыныс алу, қалықтау, жүзу, сыйлық беру-алу, зерттеу, саяхаттау – міне, өмірдің мәні осы.
Саяхат – өзімізді қайтадан іздеп табуға арналған ең ұлы ғылым. — Альберт Камю саяхат, ғылым
Саяхат жасаудың бір ұтымды тұсы - жаңа қалаларды аралап, жаңа адамдармен танысу мүмкіндігінде. — Шыңғыс хан саяхат, қала
Алғашқы саяхатшыларды қызуғышылық тартса, келесі ізімен ғылым келеді. — Жак-Ив Кусто қызуғышылық, ғылым
Мен ешқашан дербес сыйлық туралы ойлаған емеспін. Сыйлық жеңіп алудан үміттенген адам азаттықтың күрескері бола алмайды. — Нельсон Мандела сыйлық, үміт
Сен әруақытта қазiргiдей бiр көрiнiстi көресiң: адамдар некеге отырады, бала өсiредi, ауырып-сырқайды, өледi, соғысады, тойлайды, саяхат жасайды, жер өңдейдi, жағымпазданады, тәкаппарлық жасайды, қастық iстейдi, басқаның өлімін тілейді, тірлігіне көңілі тоймайды, ұнатады-сүйедi, қазына жинайды. Құрметтi лауазымдар мен таққа таласады. — Марк Аврелий көрініс, неке
Атып әкелген аң сыйлыққа жарамайды. — Құтып аң, сыйлық
Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, болашақ
Қазіргі заманда саяхаттау шын мәніндегі саяхаттауға жатпайды. Жүкті тасымал көлігіне салып жіберуден айтарлықтай айырмашылығы жоқ. — Джон Рескин саяхат, заман
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі