Өлең, жыр, ақындар

Мишель де Монтень

Мишель де Монтень (28. 2. 1533, Бордо маңы, —13. 9. 1592, сонда) — француз философы, жазушы. «Тәжірибелер» деген еңбегімен мәлім. Философиясында өзек етіп ұстаған негізгі принципі — скептицизм (күдіктену). Мишель адамдар өзгеріп-жаңарып отырады, сонымен бірге оның сана-сезімі де, ой-пікірі де жаңаланады, себебі олар оның жеке басына тән қасиет дейді. Сондықтан адам біткеннің бәрінің айтқандарын асыра бағалап, оларға талғаусыз бас ие беру қате деп түсіндіреді.Қ ұдай мен дінге қарсы шықпай-ақ адам өлгенімен «жаны өлмейді» деген негізгі қағидасының күдікті екендігін дәлелдейді. Мишель дүниені танып-білуге болмайды дейтін агностицизм бағытынан өзін аулаққа салады.


Нақыл сөздері

Кеңес кезінде қасарыспалық пен өрескел мінез таныту надандықтың айқын белгісі.

Ілмектер: кеңес, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, наан, мінез Мишель де Монтень

Ақымақпен адал да шынайы әңгіме жүргізу мүмкін емес.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әңгіме Мишель де Монтень

Тәжiрибе жинау жеткiлiксiз, одан мүмкiндiгiнше дәлелдер мен қорытындылар шығару үшiн оны таразылап, талқылау және екшеп, қорыту керек.

Ілмектер: Тәжiрибе, дәлел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Сiзге орын босатқаны сияқты, сiз де басқаларға орын босата бiлiңiз.

Ілмектер: орын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Тек ақымақтар ғана өз сенiмiне мүлтiксiз сенедi.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сенім Мишель де Монтень

Әйткенмен де, монарх тақта тек құйрығымен ғана отырады.

Ілмектер: монарх, тақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Қашып құтыла алмайтынды бастан кешiре бiлу керек.

Ілмектер: құтылу, өткеру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Бiз адамға табиғатынан дарынды дегеннен артық мақтау таба алмаймыз.

Ілмектер: адам, дарын, артық, мақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Егер мен өтiрiк айтсам, мен өзiмдi өтiрiк айтқан адамыма қарағанда көбiрек қорлаймын.

Ілмектер: өтірік, қорлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень

Тәкаппарлық өзі туралы тым жоғары және басқалар туралы тым төмен пікірден қалыптасады.

Ілмектер: тәкаппарлық, пікір Мишель де Монтень

Қарап көріңіз