Өлең, жыр, ақындар

Өзендер

" Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология және география пәндерінің мұғалімі Абилова Лариса Болатовна

 

Сабақтың тақырыбы: Өзендер

Мақсаты:

Білімділік: Өзен, оның бөліктері маңызы туралы айту.  

Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны, су нысандарын қорғай білуге, оны тиімді пайдалануға үйрету суды ластамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр түрлі тәсілдерді ұйымдастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Түрі: М.О .Т элементтерін қолдану.

Барысы:  1. Ұйымдастыру.

                2. Үй тапсырмасы.             

 .                 «Сиқырлы сандықша» 

                  Ойыны бойынша сұралады.

Сандықшаға номерлер салынып, сол номерлерге сәйкес сұрақтар оқылады.

  1. Су қабығы қалай аталады?
  2. Жер бетінде неше дүниежүзілік мұхит бар?
  3. Мұхит суының қасиеттері қандай?
  4. Теңіздер нешеге бөлінеді?
  5. Теңіз дегеніміз не?
  6. Шығанақ деп нені айтады?
  7. Бұғаз дегеніміз не?
  8. Цунами дегеніміз не?
  9. Толысу дегеніміз не? 
  10. Ағыстар деп нені айтады? 
  11. Жер бетінің неше пайызын мұхит суы алып жатыр?
  12. Жер  шарындағы ең биік сарқырама қай  материкте орналасқан?
  13. Тұздылықтың өлшем бірлігі қандай?
  14. Мұхит суы неше градус температурада қатады?
  15. Ең терең шұңғыма қай мұхитта? 

    Эпиграф :

2030 жылы Қазақстан суы мөлдір ауасы таза жасыл желекті гүлденген ел болады     

                                                                                                                        Н.Ә.Назарбаев

Сынып 3 топқа бөлінеді, команда аты, басшысы сайланады.  

  І топ. Мұхит.  

  ІІ топ. Көл.  

  ІІІ топ. Өзен.        

                      І кезең. Бой сергіту.  

1. Өзеннің ағып шығатын жері.

2. Өзеннің құяр жері. 

3. Негізгі өзенге жолдан қосылатын өзендер. 

4. Өзендер қандай түрге бөлінеді.

5. Өзеннің ұзындығы дегеніміз не? 

6. Өзен ағысы нешеге бөлінеді?

7. Өзеннің аңғары дегеніміз не? 

8. Шоңғалдар дегеніміз не? 

9. Өзендер қалай қоректенеді. 

10.Өзеннің тасуы дегеніміз не?

          ІІ кезең.  «Мен өзенмін ойыны»

      ІІІ кезең. Кім тапқыр? (өзендер туралы өлең шумақтарының авторларын табу) 

1. Таулардан өзен ағар сарқыраған,

   Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

   Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,

   Аралап тау мен тасты арқыраған.    

 

2. Асау Терек долданып, буырқанып,

   Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.

   Арыстанның жолындай, бұйра толқын,  

   Айдаһардай бүктеліп жүз толғанып.    

 

3. Шу  әне, тауды тарпып, шыққан  шулап.

    Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап,

     Асқардың ақтарылған ағы емес пе,

     Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап

                                                    ІV кезең. Адасқн әріптер.  

Лара- арал             Тұмхи- мұхит  

Тұбл- бұлт             Сағы -  ағыс  

Зетің – теңіз           Азбұғ- бұғаз  

Отаж- жота            Қынсат- тасқын 

Зөне- өзен

Лөк- көл           

                                  V  кезең. Ойлан   тап. (жұмбақтар  сайысы)     

 

1. Жылт -жылт етеді,

   Жылғадан өтеді.  (Су)   

2. Қия шыңнан құлайды, 

   Тасты бұзып орыны.

   Ақ жалданып тулайды , 

   Құлақ жарар сарыны. (Сарыарқа) 

3. Суда қалқиды,

   Жылыда балқиды. (Мұз)     

4. Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ ,

   Сөйлеген не бір ауыз сөзіде жоқ.

   Тоқтамай қысы, жазы кезе берер, 

   Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ. (Өзен)  

5. Жер бетіне шығып ағатын таза мөлдір су.  (Бұлақ)  

                                 VІ  кезең. Шығармашылық жұмыстар.    


Пікірлер (2)

Токашева Жамиля

Озен такырыбындагы сабагынызды кезендермен откизгениниз унады. Сурактарыныз терен . Магыналы. Мундай сабактар окушыларды серпилтеди. Рахмет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз