Сабақтың тақырыбы: Көлдер, жер асты сулары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың гидросфера жайлы білімін толықтыру, көлдер туралы географиялық мағлұматтар беру.
Дамытушылығы: Өзіндік ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, ізденімпаздыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілкке, табиғатты аялауға, оның қамқоршысы бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карта, глобус, үлестірмелер, мультимедиа, электронды оқулық
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтық, баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасы
І-тапсырма
І-топ: Не? Қайда? Қашан?
• Алып жатқан биіктігі 1054 м Бұл не? (Анхель сарқырамасы)
• Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама қайда? (Оңт Америка)
• Ұзындығы 6 671 м Бұл не? (Ніл)
• Арна деп аталатын табиғи ойыс арқылы ағып жатқан су не? (Өзен)
• Ең терең шұңғыма қайда? (Тынық мұхитта)
• Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен қайда? (Амазонка)
• Жайық не? (Өзен)
ІІ-топ: Адасқан өзен бөліктерін тап:
• Өзеннің ағып шығатын жері: сағасы
• Өзеннің құяр жері: бастауы
• Негізгің өзенге жолда қосылатын өзендер салалары
• Аңғарлардың табанындағы өзен суы ағып жататын ойыс: арна
• Өзен арнасындағы дөңбек тастар үгіліп қалған жерлер атырау
• Өзен сағасынынң тармаққа бөліну: сарқырама
• Өзен суының жартасты сатыдан төмен қарай құлап ағыуы шоңғал
ІІІ-топ: Гео ақындар сауалдары
• Өткен тақырып өзендер,
Біледі оқып келгендер,
Қандай суға жатады,
Өзендер мен бөгендер. (құрлық суына)
• «Арна» деп аталатын
Ойпаң арқылы ағатын,
Су ағыны болады
Не деп аталатын? (өзен)
• Басталар жерін не дейді?
Құяр жерін не дейді?
Оң және сол жағаны
Қалай қарап біл дейді? (бастау, саға)
• Қоректенеді ол да,
Суы содан мол да,
Екі жақтан қосылады,
Несі оң да сол да? (салалары)
• Су жинайтын жерді,
Салаларымен қоса
Не дейді? (Алап)
• Қоректенетін көздері,
Көп болады өздері
Айтыңдаршы балалар,
Бастау болар жерлерді. (батпақ, көл, қар, жаңбыр сулары)
• Биік, биік жерлерден,
Құлап ақса кемерден,
Аталады не деп? (сарқырама)
ІІ тапсырма «Адасқан балық»
Балықты аквариумда ұстап отыр. Оны босатып өз өзеніне жіберу үшін сыртындағы сұрақты дұрыс тауып өзенге, картаға жабыстыру керек. Дұрыс тапқан жағдайда ғана балық еркіндікке шығады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ бастайық,
Оқулықты ашайық.
Өзен деген атауға
Көл деген атты қосайық.
Көл деген ол тақырып,
Тыңда тыныш отырып,
Білім саған болашақ,
Дұрыс сабақ оқылық.
ІV. Электронды оқулықпен жұмыс (Көлдер, жерасты сулары)
V. Сабақты бекіту
І, ІІ, ІІІ топтарға: Кескін картаға көлдерді түсіру.
І, ІІ, ІІІ топтарға: Егер мен эколог болсам не істер едім? (Арал, Балқаш, Каспий)
VІ. Сабақты қорытындылау.
• Жазықтарға жай ғана-ай
Көл болады айнадай
Дала айнасы деп қана,
Атай салған ойланбай. (Картадан көрсету)
• Ішкі күштен қиылған,
Ойысқа су жиылған.
Тектоникалық көлдер деп,
Аталатын қиыннан. (Байкал, Танганика)
• Қане көлді санап ал,
Ағынды тұйық және бар,
Дәміне қарай тағы да,
Ащы, тұщы аталар. (Байкал, Зайсан, Балқаш)
• Су бармайтын жөнді,
Көлге қауіп төнді,
Ластанудан тағы,
Қорғау керек көлді. (Арал, Балқаш)
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма оқу, өзендер туралы реферат жазу
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Төретам кенті №269 орта мектеп
География пәні мұғалімі
Қаржауова Алтынкүл
Акжол
жер асты суларын табу