Өлең, жыр, ақындар

Гидросфера тарауын қайталау

Ақмола облысы Шортанды ауданы

Новокубанка орта мектебінің

география  пәнінің  мұғалімі Абділ Укі

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера тарауын қайталау

 

Білімділік: Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, білік пен дағдыны каншалықты меңгергенін анықтау.

Дамытушылық: Картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен ізденуге,жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:Жарты шарлар физикалық картасы,қобдишаға салынған тапсырмалар.

Сабақ түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,баяндау,ойын элементі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру:

Сынып оқушылыарын 2 мұхиттың атамен 2 топқа бөлу

2.Оқушыларға сабақтың қалай өтілетіні туралы айту

Сабақ ойын жарыс түрінде өтеді.Гидросфера бөлімі бойынша алған білімдерін қолдана отырып қойылған сұрақтарға жауап бересіңдер.Топтың  атымен 2 қобдиша дайындалған.Осы қобдиша ішіндегі сұрақтарға жауап беретін боласыңдар.

2 қобдиша ішінде төмендегідей тақырыптар бойынша сұрақтар қамтылған:

  1. дүниежүзілік мұхит
  2. жер асты сулары
  3. өзен, көлдер
  4. мұздықтар

 

I. «Тынық мұхиты»,«Атлант мұхиты» 2  қобдиша ішінен  нөмірленген түрлі-түсті қағаздар алып жеке-жеке жауап береді.

«Тынық мұхиты» тобының сұрақтары:

1.Гидросферадағы тұщы судың үлесі қанша пайыз?

2.Мұхит бөліктерін атап, біреуіне анықтама бер?

3.Шеткі теңіз дегеніміз не ?

4.Жер асты сулары қалай пайда болады?

5.Өзен дегеніміз не?

6.Қар шегі деген не?

7.Тау мұздықтарының маңызы туралы айт?

8.Су өткізбейтін қабат дегеніміз не?

9.Қандай ағыстар жылы ағыстар деп аталады?

10.Айсберг деген не?

11.Ең жоғары орташа тұздылық қай мұхитта картадан көрсет?

12.Қандай сулар минералды сулар деп аталады?

14.Көл дегеніміз не?

15.Ломоносов атты су асты жотасы бар мұхит?

 

 «Атлант мұхиты» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Тұщы су қорының тұрақты болу себебі неде?

2.Сумен қоршалып тұрған құрлықтың шағын бөлігі?

3.Ішкі теңіздерді ата?

4.Мұхит суының орташа тұздылығы қанша?

5.Өзеннің оң жақ, сол жақ салаларын қалай анықтауға болады?

6.Суайрық деген не?

7.Жамылғы мұздықтар бар территопияларды картадан көрсет?

8.Толқын элементтерін ата.

9.Мұздықтар жерде қандай жағдайда пайда болады?

10.Өзен жүйесі дегеніміз не?

11.Қандай ағыстар суық ағыстар деп аталады?

12.Таулардағы қар шегі неге байланысты?

13.Қандай көл тұйық ағынды деп аталады?

14.Тайфун деп қандай желді атаймыз?

15.Дүние жүзіндегі ең үлкен көл қандай көл?  

 

II.Топ басшылар жарысы.

 Берілген номенклатураларды картадан көрсет.

«Тынық мұхиты» тобына

Гренландия аралы, Каспий теңізі, Байкал көлі, Тынық мұхиты, Жапон теңізі,

Гвиней шығанағы,Беринг бұғазы,Камчатка түбегі,Конго өзені,Жайық өзені,Қызыл теңіз,Охот теңізі,Мозамбик бұғазы.

«Атлант мұхиты» тобына

Мадагаскар аралы,  Дрейк бұғазы,  Арал теңізі,  Балқаш көлі, Үнді мұхиты,Мексика шығанағы,Ертіс өзені,Араб түбегі,Амозонка өзені,Үндістан түбегі.Ніл өзені,Гренланд өзені, Баренц теңізі, Гудзон бұғазы,                                            

III.Сөзжұмбақ

 

 

  1. Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма                          1. Жер шарындағы ең биік сарқырама
  2. Дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз                                  2. Оңтүстік Америкадағы суы мол өзен     
  3. Атлант мұхитындағы балдыр көп өсетін теңіз        3.Анхель сарқырамасы қай жерде
  4. Атлант мұхитындағы ең терең шұңғыма                 4.Еуразияның шығыс жағындағы шеткі теңіз
  5. Су астындағы өте қатты жер сілкінуден

 

 

туатын толқын                                                                  5.Памирдегі көл

  1. Солтүстік мұзды мұхитындағы ең терең теңіз         6.Жер шарындағы ең ұзын өзен
  2. Үнді мұхитындағы ең терең шұңғыма                     7.Жер шарындағы ең жылы ағыс

 

  IV.  Гидросфера тарауына байланысты  мақал-мәтелдерді  жалғастыр.

  1. Бұлақ көрсең------
  2. Су атасы-----
  3. Судың да---
  4. Су бергеннің сауабы----

Су төккеннің сұрауы--------

  1. Сулы жер құрақсыз-----

Таулы жер-----

  1. Су ішкен құдығыңа------

 

V.Қорытындылау.Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға

 сабаққа белсенділігі,берген сұрақтарға жауап беруіне қарай  баға қоямын.

 

.


Пікірлер (2)

Асем

Дүниежүзілік мұхиттар үлесі қандай атынызшы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз