Өлең, жыр, ақындар

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Б.Қ.О., Қаратөбе ауданы

Ақтай ауылы

«Қаракөл ЖОББМБ» КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі

 Қоңыршиева Айгүл Хайроллақызы

 

 

Сыныбы: 3

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Түбір мен қосымшаның жазылуы»

Мақсаты: Түбір мен қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіре отырып,сөз құрамын талдауға үйрету.

Білімділік: Оқушылардың түбір мен қосымша туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, ойлау қабілетін, ой-өрістерін, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдістері: СТО жобасы, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Слайд,сызба, семантикалық карта, үлестірмелі тапсырмалар.

Барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық дайындық.

«Шаттық» шеңберіне тұрып, тілектер айту.

Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу.

І. Қызығушылықты ояту.

«Қарлы кесек?» ойыны (Өткен сабақты пысықтап өту үшін үлестірмелі тапсырмаларға жауап беру).

Сұрақтар:

1. Түбір дегеніміз не?

2. Қосымшаның түрлерін ата.

3. Жұрнақ дегеніміз не?

4 .Жалғау дегеніміз не?

5. Білгіш сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.

6. Туынды сөз қай қосымша арқылы жасалады?

7. хана жұрнағына сөз қосып, т уынды сөздер жаса.

8. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейді?

Көркем жазу минуты.Білім-өмір шырағы.

ІІ. Мағынаны тану.

59-жаттығу.

Күй, жыр сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз.

Күй+ші, күй+ге, күй+лер. Жыр+шы, жыр+дың, жыр+лар, жыр+ла.

Ержелерге назар аударту.

Жаттығу жұмыстары.

Оқулықпен жұмыс.

60-жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы.

1. Құстың ең қырағысы-сұңқар. Ол бір шақырым қашықтықтан титімдей жәндікті көре алады. 2. Құстардың ішіндегі жүзгіші-пингвин. Ол сағатына отыз шақырымға дейін жүзе алады. 3. Дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс-тек бүркіт қана. 4. Қарлығаш  ұсақ жәндіктерді тек қана әуеде ұшып жүріп қана аулайды.

  • Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жаз.
  • Түбір сөзге жалғанған қосымшалардың жуан, жіңішке болып келу себебі неден деп ойлайсың? (Ережені пайдаланып айту.)   

Тынығу сәті.

Тақтамен жұмыс.

61-жаттығу. Көп нүктенің орнына –лар, -лер,-тар,-тер, -дар, -дер жалғауларның тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.

 

ақпараттық ізденіс.

  • Қосымшалы сөздерді сөз құрамына талда.
  • Жуан айтылатын жалғаулардың астын-бір, жіңішке айтылатын жалғаулардың астын екі рет сыз.

Өздік жұмыс.

Семантикалық картаны толтыр.

Сөз құрамы

сөздер

кітап

басшы

келді

қобызшы

құлақшын

Түбір

 

 

 

 

 

Жұрнақ

 

 

 

 

 

Жалғау

 

 

 

 

 

Бекіту сұрақтары:

Ережелерді еске түсіріп, жалғастырып көр:

Қосымша жалғанғанда түбір    сөздер____________________.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,___________________ .

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса,_________________.

Толғаныс.

Кері байланыс (қорытындылау)

«Бүгінгі сабақта...»

Бүгінігі сабақта сізге не үнады?

Бұл сабақта сізге не қиын болды?

Бұл саған не үшін қиын болды?

Бұл  қиындықты қалай жеңесің?

       

Үй тапсырмасы. Үйге тапсырма:

а) Ережелерді  ереже дәптерге жазып, жаттау.

ә) 62-жаттығу. 133-ші бет.

62-жаттығу.

Шығармашылық тапсырма. Суреттегі нәрелердің атына жалғау жалғап жаз.

Жалғау жалғанған сөздерді сөз құрамына талда.

Алмалар, көзге, мысықтар, көбелектер, ешкіні, шиелер, бұзауға, құлыншақтар.

Бағалау.


Пікірлер (5)

айгерим

ережеси кані

айгерим

мен үшинши сынып окимын

Асел

Тубир создин сонгы буыны жуан болса оган жалганатын косымшаларда жуан болады ' жинишкеде солай

Өсімтал сөзін сөз құрамына талдау

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз