Өлең, жыр, ақындар

Пифагор теоремасы тақырыбына есептер шығарту

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Сарыбастау ауылындағы орта мектептің

Математика пәнінің мұғалімі: Ералиева Салтанат Бектурсыновна

 

Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасы тақырыбына есептер шығарту.

Мақсаты:

Білімділік: Пифагор теоремасын қолдануға есептер шығарту арқылы білімдерін жетілдіру;

Дамытушылық: Оқушылардың  белсенділігін,ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшандыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен білікті қолдану сабағы..

Сабақты өткізу формасы: жалпы-сыныптық,жекелей

Сабақты өткізу әдісі: репродуктивтік, жеке және жалпы сұрау

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта ,суретті -тапсырмалар,сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

      в) Сабақтың  өту барысымен таныстыру   

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру  № 124    есепті ауызша оқыту арқылы тексеру.

ІІІ.  Практикалық іс-әрекетке дайындық.

1.Мақсат қою

2. Жалпы білімдерін тексеру үшін сұрақтар

А) Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты өрнектейтін теореманы ашқан, грек оқымыстысы кім?

Ә) Теоремада үшбұрыштың қай түрі қарастырылған?

Б) Теореманы айтып,сызба бойынша жазып көрсет

В)Үшбұрыштың түрін қалай анықтауға болады?

Г) Пифагор теоремасына кері теореманы айт.

Д) Қабырғаларының ұзындықтары 5, 6, 7 болатын үшбұрыш тікбұрышты ма? Дәлелдеп айт.

ІУ. Практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру

І. Суретті тапсырмалар орындату /жеке, жұппен/

      1. Боялған үшбұрыш үшін Пифагор теоремасын жаз


2. Үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын есепте

  Катеттері  3см және 4 см               Катеті -6 см   гипотенузасы 10 см

                                                     

 

3. Суреттегі ағаштың биіктігін есепте,егер гипотенуза 12 см, катеті 10 см болса

4. Үшбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтары берілген. Қайсысы тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары бола алады:

 1) 2, 3,5,     2) 9, 15, 12    3) 1,5; 2,7; 3,6

ІІ. Оқулықпен жұмыс  №127- 132 Пифагор теоремасын қолдануға есептер шығару

У. Үйге тапсырма : №133 /3/ №135  есептерді шығаруға нұсқау беру

Сабақты қорытындылау

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз