Алгебра 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп
жинақтау, жүйелеу, толықтыру.
2.Оқушылардың танымдық ізденістерін логикалық ойлау қабілеттерін
дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс
істеуге мүмкіндіқ жасау.
3. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, дәлдікке, шапшандыққа және
өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау-толықтыру.
Сабақтың әдісі: Қайталау,деңгейлеп саралап оқыту.
Сабақтың көрнекілігі:Карточкалар, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың жүру барысы :
I.Ұйымдастыру бөлімі: оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару,
сабақтың мақсатымен таныстыру.Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу.
II. Біліктілік бөлімі. «Ой қозғау» Тарау бойынша теориялық сұрақтар.
• Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды?
• Толымсыз квадрат теңдеудің анықтамасы.
• Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
• Квадрат теңдеудің канша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?
• Квадрат теңдеуінің түбірлерінің формуласы.
• Виет теоремасы қалай айтылады?
Ауызша жаттығу. Слайд . 1)х2+2х+2=0. 2)11х2 - 49=0. 3)2х –х2=0.
4)5+3х+х2=0. 5)3х2=0. 6)х-6+2х2=0
1) Мына теңдеулердің ішінен келтірілген квадрат теңдеуді ата.
2)2-ші коэффициенті 2-ге тең болатын теңдеуді ата.
3)Толымсыз квадрат теңдеуді ата.
4)6-ші теңдеуді келтірілген квадрат теңдеуге келтір.
III.Қызығушылықты ояту. 1)2 топқа да карточка таратылады.
2)Жеке оқушымен жұмыс (нашар оқушылар).
Слайд .1)Теңдеуді ах2+вх+с=0 теңдеуіне келтіріп, а, в, с-ның мәндерін анықтаңдар:
1-топ. (х+4)2-6х2=х(х-7). 2-топ.25-(2х+3)2=х(4-5х)
2) х-тің қандай мәндерінде 2х2+4х-1 және 2-3х-4х2 көпмүшелерінің мәндері тең болады? (13+25х-х2 және 4х2+2х+3)
3)Теңдеудің түбірлері х1 және х2 болатын квадрат теңдеуді қүрыңдар:
1-топ. Х1=-7. Х2=2,5 2- топ. Х1=-8 х2=1,3.
IV.Біліміңді сынап көр. Деңгейлік тапсырмалар . Слайд.
I-деңгей.
• Теңдеуді шешіңдер: 1-топ. х-7/х =6. 2-топ. х-3= 18/х.
II-деңгей.
• Жаңа айнымалы еңгізу әдісін қолданып, теңдеуді шешіңдер:
1-топ.(2х-7)2 – 11(2х -7) + 30 =0. 2- топ. (6х+1)2+2(6х+1)-24 =0
III-деңгей
• п-нің қандай мәндерінде 1)х2+пх+6=0 2)х2+пх+11=0
теңдеуінің бір ғана түбірі болады?
V.Шығармашылық жұмыс.Топ басшыларымен жұмыс.
Квадрат теңдеудің шешудің кейбір тиімді қасиеттері.
1)Квадрат теңдеудің коэффициентінің қасиеттері
2)Коэффициенттердің қасиеттерін 3-ші, 4-ші дәрежелі теңдеуге қолдану тәсілі
3)«Асыра лақтыру әдісі»
4)Тарихи мағлұматтар.
VI.Қортындылау. Тапсырма тақтада тұрады, «Асtiv ben» (қалам) арқылы теңдеулерге белгі қояды. 1) түбірлерінің таңбалары
а) бірдей; ә)қарама-қарсы болатын теңдеуді көрсет
х2+5х+4=0, 2х2+5х+2=0 бірдей ; 5х2-х-4=0 қарама-қарсы.
VII.Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы . Үйге тапсырма беру.
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бауыржан Бегалиев мектебі
Математика пән мұғалімі
Казиева Танзиля Аққайырқызы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі