Өлең, жыр, ақындар

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Математика 6 сынып

Алматы қаласы №42 мектептің математика пәнінің мұғалімі Басқанбаева АйманАбдолдаевна

 

Сабақтың тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу»

Сабақтың мақсаттары:      

Білімділік:  Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу ережелерімен таныстыру және ережелерді пайдаланып есептер шығаруда теңсіздік шешімдерінің жиынын сан аралығымен жазып дағдылану.

Дамытушылық: Ой өрісін кеңейте отырып, өз беттерінше еңбектену белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шапшандылыққа, тез ойлап дәл таба білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы:

I.  Ұйымдастыру кезеңі

а)  Сабақтың мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы ұстанымымыз;

Білімге жетелейтін үш жол бар;

Еліктеу жолы – ең жеңіл жол,

Ойлау жолы – ең игілікті жол,

Тәжірибе жолы – ең қиын ащы жол.

Олай болса, біз сабақ барысында әрқайсымыз өзіміз таңдаған жолмен жұмыс жүргізейік

б) сыныпты 4- топқа бөлеміз

1-топ  "Интервал"

2-топ  "Жартылай интервал",

3-топ  "Кесінді",

4-топ  "Сәуле"

II. Үй тапсырмасын тексеру

- әр топ басшылары тексеріп шығады

- өзін- өзі бағалау парағын таратамыз

 а) оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін бекіту

1сұрақ -жауап

Сұрақтар:

  1. Қандай сан аралықтарын білесіңдер?
  2. Санды теңсіздіктің 1- қасиеті
  3. Қандай сан аралығы интервал деп аталады? мысал келтір, оқылуы
  4. Санды теңсіздіктің 2- қасиеті
  5. Қандай сан аралығы кесінді деп аталады? мысал келтір, оқылуы
  6. Санды теңсіздіктің 3- қасиеті
  7. х≥8 теңсіздіктерінің шешімдері нені білдіреді? мысал келтір, оқылуы
  8. Санды теңсіздіктің 4- қасиеті
  9.  
  1. Интервал, кесінді, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле, сан түзуі
  2. Егер а саны в санынан үлкен, ал в саны с санынан үлкен болса, онда а саны с санынан үлкен болады
  3. 5 –тен 7 – ге  дейінгі аралық
  4. Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігіне де бірдей сан қосылса, теңсіздік белгісі өзгертілмей, тура теңсіздік шығады
  5. 6 мен 10 саны қоса алынғандағы 6 мен 10 аралығы
  6. Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігі бірдей оң санға көбейтілсе немесе бөлінсе, теңсіздік белгісі өзгертілмей, тура теңсіздік шығады
  7. Сәуле аралығы
  8. Егер тура теңсіздіктің екі жақ бөлігі бірдей  теріс санға көбейтілсе немесе бөлінсе, теңсіздік белгісі қарама –қарсы таңбаға өзгертілсе тура теңсіздік шығады

2.  Тест жұмыстары алынады, интерактивті тақтада беріледі, жауабы көрсетіледі

III. Жаңа  сабақты түсіндіру

IV. Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар №1025-1030

V. Сергіту сәті   Сөзжұмбақ шешу

VI. Сабақты бекіту кезеңі

1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?

2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?

VII. Білімдерін бағалау, бағалау парағымен.

Сабақ жүргізуші матиматика пәнінің мұғалімі Басқанбаева А.

Оқушылардың топтық жұмысы

Топтағы мұқият тыңдалым

Қазақ тілі мұғалімі Қасенова Г.М. топ жұмысын бақылауда

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз