Өлең, жыр, ақындар

Дулат Исабеков «Ата үміті»

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Хажихан Самалхан

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Дулат Исабеков  «Ата үміті»

Сыныбы:  6 «Б»

Сабақтың мақсаты:  Әңгіменің неге «Ата үміті»деп аталғанына жауап табу арқылы автордың айтар ойын, шығарманың идеясын ашады

Күтілетін нәтиже:  Әңгіменің кейіпкерлері ешқашанда жолдары бірікпейтін адамдар деген қорытынды жасай алады.

Критерийлер

Оқыту мақсаты

Сабақта орындалатын іс-әрекет

Іс-әрекеттің  қалай жүзеге асатындығы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Қойылатын сұрақтар

Берілетін уақыт

1-2

Білу және түсіну

 

 

 

Оқушы әңгімені оқып,мазмұнын айта алады.

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа  бөлу

Бейджиктер таратылады (А-1,А-2,В-1,В-2...) Таңдап алған бейджиктерімен топқа бөлініп отырады.Көшбасшы ,хатшы, баяндамашы, сараптаушы сайланады.

 

 

2 минут

1тапсырма: Әңгімені оқу және мазмұндау

Мұғалім әңгімені алты бөлікке бөледі,топтың әр мүшесі үзіндіні белгілеп алады.

Топтың 1-мүшесіне –басынан бастап...Қане, қол алысып амандасайық.

2-мүшесіне-Шал сасқалақтап... Деп сұраған да жоқ.

3-геТүн жарымы...Іштей күйзеліп жатыр.

4-ге-Ши қалпақты...Шайлаға лып етіп кіріп кетті

5-ге-Ақсақал...Мойынтұрық салып үлгерді.

6-ға Омаш... әңгіменің соңына  дейін

 

 

 

 

Жеке жұмыс

 

Бұл кезеңді мұғалім жалпыға арналған сұрақтар қою арқылы қорытындылайды

1.Әңгімені түсіндіңдер ме?

2.Әңгіме кейіпкерлері кімдер?

    3.Олар қашан, қайда, не істеп жүр? (2-3 оқушының жауабы тыңдалады).

 

2 Сөздік жұмысы жүріледі

8 минут

 

Топтың әр мүшесі өзінің оқыған үзіндісінің мазмұнын топта ретпен айтып түсіндіреді

Топпен жқмыс

диалог

 

3

Қолдану

Көркем шығарма құрылысын талдай алады.

2-тапсырма

1. 236-бетте берілген әдебиет теориясын өз беттерімен оқиды

2.Үзінділерді оқиды

3.Сәйкестендіру кестесімен жұмыс жасайды.

Берілетін үзінділер:

1.Бұл жердің күні ертерек шығады.Сонау мұнартаудың ар жағынан тең бөлінген пәтір нан секілді жартылай көтеріліп қалыпты.Әзірге моп-момақан,жұп-жуас.Тоқсанбай қарт күнге жотасын бергендежайшылықта мұнартып жататын алыстағы бейтаныс ауылды ап-анық көрді.

2.Әй,адамбысың,шайтанбысың?

 -Ассалаумаликом

...Қорықпаңдар,мен де өздеріңдей адаммын. Атым-Омаш.Бұйыртса, үшеуіміз серіктес боламыз.

3.Немереңізді оятыңыз деймін.

-Түн ішінде ме? Ойбай-ау, ол неғылған арба?

Ой, Алла-ай,-деді ол дерменені жайғастырып жүріп,-енді маған істетпегенің осы ма еді? Қарадан –қарап жүріп күнәға баттым-ау!Бір байғұстың өзіміз құсап тырбанып жүріп орған дерменесін қырманға түсіріп,қарғысына ұшырайтын болдық ғой.Аюдай ақырып тұрған неменің көн құлағынан сөз өте ме, тыңдай қоя ма айтқаныңды!

4.Бұл әтәңәләттерге бала не керек десеңші! Бар, әйтпесе .-Ол балапанды отқа лақтырып жіберді.

5.-Айтып тұрғаныңыз ақтық сөзіңіз ғой?

-Жалған айтып қайтейін.

-Ал сен ше?Сен де кетемісің?-Ол балаға төне қарады.

-Иә...

-Мә, саған ендеше!-ОЛ қуыс құлақ күректей алақанымен оның бетіне салып жіберді.

Қарағым-ай, бұл қай қылғаның?Мына мені ұрсаң болмай ма,немеремде нең бар?

5. «Ендігәрі қит еткен мінезіңді көрсем, айтпады деме,мына ілмиген мойныңды әнеугүнгі жқмыртқадан шыққан балапандай бұрап-бұрап жұлып аламын да, отқа лақтырып жіберем»деген Омаштың сөзі шалдың жүрегінде қақтай тұнып,кәріге тиген шаншудай қатты да алды.

Топтық жұмыс.Топтың әрбір мүшесі бір –бірден орындайды. Көшбасшы қадағалайды.

 

 

Әрбір оқушы өзіне берілген үзіндіні топтың басқа мүшелері де еститіндей дауыспен оқиды да қайсысына сәйкесетінін тауып, сызады.

Бұл тапсырма тақтада шығып тұрады. Тақтада да жұмыс жасалынады.

 

 

 

 

1.Осы үзінділердің қайсысы саған ұнады?Неліктен ұнады?

 

 

2.Қайсысы ұнамады? Неліктен ұнамады?

 

 

 

 

3.Торғайларға балапан не үшін керек?

 

4.Омаш неге Тоқсанбай, Ергештерге келіп қосылды?

 

 

 

8 минут

4

Талдау

Өз ойын қорытындылап айта алады.

3-тапсырма

Сұраққа жауап жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

Әр топқа пікір-талас жасау үшін бір-бір сұрақ беріледі.

Топ жауаптарын жазбаша қағаз бетіне түсіреді.

Сұрақ-жауап

Диалог

Жауаптарын оқиды.

1-топқа-Омаш қандай адам?

2-топқа-Тоқсанбай қария туралы не айта аласың?

3-ге-Ергешбай кім?

4-ге-Әңгімеде неге үш-ақ кейіпкер берілген?Оларды іс-әрекеттеріне қарай адамның қандай қасиеттерімен  атар едің?(Мүмкін болатын жауап:Адалдық-қария, Арамдық-Омаш,Пәктік-немере)

5-ге Әңгімеде неге шал (қария) мен немеренің аттары аталмайды?

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

5.

Жинақтау

 

Әңгіменің қалай аяқталатынын болжай алады

4-тапсырма

Ой қорыту

Сұрақтарға ауызша жауап дайындаңдар

Әңгіменің соңында неге көп нүкте қойылған?Әңгіме толық емес. Бүл үзінді.

Пікір-талас

 

Барлық топқа беріледі.Әр топтан жауап айтқысы келген оқушыны тыңдаймыз

Сұрақтар:

1.Олар ақшаны бөлісті ме?

2. Неге бөліспеді?

3.Үшеуінің ақшаны бөлісуі қисынды ма? (Мүмкін болатын жауап: Қисынсыз.Себебі-адалдық пен арамдық ешқашан дос болған емес)

 

 

 

 

 

 

5 минут

6

Бағалау

Ата мен немере арасындағы жақындықты көрсете алады.

5-тапсырма

«Ата мен немере»шағын мәтін құрастыру

Әрбір оқушы өз сөйлемін жазады,келесі оқушы жалғастырады (Мәтіндегі іс-әрекеттерді мысалға алады,сөйлемдердің байланысын қадағалайды)

Топтық жұмыс

 

Атасы немересі үшін Омашқа кіріптар болды-деген ойға жету

 

5 минут

 

Сабақты қорытындылау үшін адалдық туралы, еңбек туралы, туыстық қатынастар туралы мақал-мәтелдер айтқызу                                       2 минут

 

Үйге тапсырма

 

Мақсаты:Үй тапсырмасының орындалуын бағалауда оқушынығһң шығармашылығы бағаланады.Әңгіменің толық нұсқасын тауып оқып келетін оқушылар болуы мүмкін.

Үйге тапсырма:

Егер сендер осы шығарманың авторы болсаңдар,қалай аяқтар едіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

Бағалау

Бағалау парақтары жиналады, бағалар айтылады.

 

 

 

3 минут

                   

                                                                                                                                                                                                                                                                                 42 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға берілетін бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:

 

Сабақта орындалатын жұмыс түрі

Критерийлер

Ұпай (1-3 ұпай)

Баға

1

1-тапсырма.Мазмұндау

Дескрипторлар

Әңгімені дұрыс түсінуі

 

 

Түсінгенін жеткізе білуі

 

 

2

2-тапсырма.Ә.Т.Көркем шығарма құрылысын өз бетімен оқып түсіну,   сәйкестендіру кестесін толтыру

Өз бетімен оқып түсіне алуы

 

 

Алған білімі бойынша тапсырманы орындай алуы

 

3

3-тапсырма.Сұраққа жауап жазу

Пікір-таласқа араласуы

 

 

Өз ойын дәлелдей алуы

 

 

4

4-тапсырма.Сұрақтарға ауызша жауап беру

Белсенділігі

 

 

5

5-тапсырма.Мәтін құрастыру

Мәтіндегі басталған ойды дұрыс жалғастыра алуы

 

 

Өткен материалды қолдана алуы

 

 

 

Жиынтық ұпай

 

 

27

5 немесе 3

 

Белсенді қатысқан оқушыға мұғалім өзі де ұпайлар қосуы мүмкін.

            Ұпайды бағаға ауыстыру:   24-27 ұпай-5

                                                           18-23 ұпай-4

                                                           13-17 ұпай-3 


Пікірлер (2)

Аякөз Аьайхан

мен 6 сынып оқитын қарапайым оқушымын .Мен Ата үміті əңгімесін оқып қатты қызықтым .Өтінемін ата үміті əңгімесінің толық нұсқасын беріңіздеші

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз