ОҚО
Шымкент қаласы
№ 103 жалпы орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі:
Елемесова Жанна
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Оқушыларға тақырыпты игере отырып, функцияның туындысын табуды, туындыны табу ережелерін пайдалана отырып, есептер шығару барысында білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы: оқушылардың туындыны табу ережесін пайдалана білу, жылдам ойлауға, өз бетімен жұмыс жасау белсенділігін, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
б)Тәрбиелілігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұқыптылыққа, жүйелі түрде жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау әдісі
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Жаңа сабақты меңгерту.
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, халықтық педагогика, тарих.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгендеу
Ә) Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Қайталау – оқу айнасы
Ой қозғау (тірек - сызба)
ІІІ. Мағынаны тану
(Жаңа сабақты түсіндіру)
ІҮ. Алтын қақпа ойыны
1. бөлім
1. «Тас қақпа» ОҚО бойынша ең үздік математиктер
2. «Күміс қақпа» ҚР бойынша ең мықты математиктер
3. «Алтын қақпа» Дүние жүзі бойынша ең мықты математиктер
Ү. «Алтын сандық»
Дифференциалдау ең алғаш қашан пайда болды ?
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер – деп бүгінгі сабағымызды бастайық
ІІ. «Ой қозғау»
ІІІ. Мағынаны тану
Жаңа сабақты түсіндіру
Мысал 2:
Жаңа ғасырдағы математикаға жаңаша көзқарас.
«Алтын қақпа» ойыны
2. «Күміс қақпа» Қазақстан Республикасы бойынша ең мықты математиктер. Бейнебаян.
3. «Алтын қақпа» Дүние жүзі бойынша ең мықты математиктер
Қорытындылау:
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: №180, 188
Дүние жүзінің ең мықты математигі.
Әлемде де басқа салалар сияқты математика ғылымы да үлкен бәсекелестердің үстінде. Сол сияқты математика ғылымы да үлкен бәсекелестіктің үстінде. Сол сияқты әлемнің әр елдерінде математика ғылыми жетістігінде тіккен сыйлықтары да аз емес. Нобель сыйлығына математика ғылымы қаралмаса да оған пара–пар дәрежеде сыйлықтар ұсынылады. Мәселен сыйақысы 175000 АҚШ долларын құрайтын сыйлық Таодың соңғы кездегі математикадағы жеткен жетістіктерінің, әсіресе сандар теоремасы атақты Венгр математигі Ердоштың жорамалының дербес жоғарғы шешімін тапқаны үшін беріліп отыр.
Тао – осы ғасырдағы математикада жеткен жетістігі ең көп жас математик ретінде саналады. Туған жылы: 17 шілде 1975 жасы 34.
Тұрған жері Лосанжелес. Калифорния университетінде жұмыс істейді.
Дифференциалдау
Ең алғаш орта ғасырда Үндістанда дами бастады. 59 орында мұсылмандардың мешіттеріндегі өрнектерде математиканың дамуы жасырынған. 2010 жылы өскелең ұрпақтың санасын оятып, қазақ ғылымының қаймағы болар әлем ғалымдарын тізе бүктіре мойындатар біртуар қыз дидары болуы үшін математика ғылымына зейін қойып, дамыта түсу парызымыз деп ойлаймын.
Уалбай Өмірбаев
Уалбай Өмірбаев (1960 жылы 7 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында дүниеге келген) – қазақ математигі. 1973 – 1977 жылы Алматыдағы Республикалық физика – математика мектебінде оқыған. 1977-1982 жылы Новосібір мемлекеттік университетінің механика – математика факультетінің студенті болған. 1982-1985 жылы Новосібір мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алған. 1986 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Еңбек жолы.
Еңбол жолын 1986- 1989 жылы аралығында Әл – Фараби атындағы Қаз-ҰУ- дың жоғары алгебра кафедрасының ассисенті болып бастаған. 1989-1991 жылдары ҚазҰУ–дың аға оқытушысы,1991-1995 жылдары доцент атанған. 1995 жылы ғылым докторы дәрежесіне қол жеткізген. 1995-2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі информатика кафедрасының меңгерушісі болды. 2007 жылдан бері Детройдтағы Уейн университетінде сабақ береді. 1993 – 2007 жылдары аралығында Испанияның Овиедо, Канаданың Манитоба, Бразилияның Сан-Паулу, АҚШ – тың Вашингтон, Мичиган, Кливлен, Майами университеттерінде, францияның Марсель – Люмини атындағы математика орталығында,Германияның Макс – Планка атындағы математика институтында дәріс оқыған. 2001 жылы Жапон математигі М. Нагатаның, 2004 жылы ағылшын математигі П. Конның есебін шешкен.
азиз
kuwti
Аида
Керемет