Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Әл-Фараби атындағы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сегизбаева Гульнар Мухаметкаримовна
Қазақ тілі |
Уақыты:22.02.16 |
Кабинет:28 |
Мұғалім:Сегизбаева Г.М. |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Себеп-салдар үстеуі |
|||
Сілтеме: |
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі |
|||
Сабақтың жабдығы: |
Тақта, оқулық, интер-белсенді тақта, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, слайд, дәптермен жұмыс, үлестірме қағаздар, бағалау парағы, рефлексия жасау |
|||
Жалпы мақсаттар: |
Үстеулердің мағыналық түрлері туралы мағлұмат беру,сауатты жазу, есе сақтау қабілетін, жүелі ойлай білуін, тіл байлығын дамыту, үстеулерді талдай білуге үйрету, білімділікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру. Топпен жұмыс істеуге үйренеді, бірін-бірі тындайды, жылда ойлайды, нақты жауап береді, жауапкершілікті түсінеді, әділ бағалап үйренеді, өз бетінше жұмыс жасайды. Жаңа сабақты меңгеру Блум жүйесі. Білу: себеп-салдар үстеуін түсіндіру. Түсіну:224- жаттығу жұмысы. Қолдану: үлестірме кеспе қағаздармен жұмыс. Талдау: мақал-мітелдер, жұмбақтар арқылы, сәйкестендіру. Жинақтау: Миға шабуыл стратегиясы: тест жұмысы, бағалау, бүгін сабақта не ұқтым? Әдебиет, бейнелеу. |
|||
Оқыту нәтижесі:
Сабақтың түрі: Сабақтың әдісі: Пәнаралық байланыс: |
||||
Топқа бөлу: |
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді. |
|||
Психологиялық ахуал туғызу: 2минут |
«Жүректен-жүрекке» стратегиясы бойынша бір-біріне жақсы тілек айтады. |
|||
Үй тапсырмасын сұрау: 2 минут Білімді тексеру: Қызығушылықты ояту, «Ой қозғау» стратегиясы 8 минут |
223-жаттығу. Күшейткіш үстеулері: тым, аса, орасан, нағыз және әбден, дәл, сәл, мүлдем үстеулерімен сөйлем құрапкелу. 1. Оқу – білім туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер ? 2. Қандай ақын – жазушылардың оқу – білімге шақырған өлеңдерін білесіңдер? Ондай болса мына суретке назар аударалық,кімнің шығармасы,қалай аталады? Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Сөмкеге бақа салып жатқан кезінен мысал сөйлемдерге назар аударалық. Әр топқа сөлемдер жазылған кеспе қағаз беріледі. Сұрағын қойып,үстеу түріне ажырату. |
|||
Білу20 МИНУТ
Түсіну
Қолдану
Сыни тұрғыда ойлау
|
Себеп-салдар үстеуіне түсінік беру. Толық мағлұмат беру. Ережесімен таныстыру. Сұрақтары: не себепті? Неге? Қалай? Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құрбосқа,амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге. 224-жаттығу орындау. Сұрақ қою арқылы мақсат және себеп-салдар үстеулерін тауып, бір-бірінен айырмашылығын көрсетіңіз. Үлгісі:әдейі - не мақсатпен (қалай) қонған? –мақсат үстеу. Үлестірмелі кеспе қағаздар беру. 1.Құрылысына қарай талда, орналастыр. Мысалдар: Кешке, биыл, бұлбұлша, босқа, жаздыгүні, емін-еркін, әрең, әдейі, бүгін, кеше. Негізгі үстеу Туынды үстеу Күрделі үстеу
2.Сәйкестендір. 1. Үстеу сөздерді етістікпен сәйкестендіру.
Әдейі айтты Жорта келіспеді Лажсыздан қайтты Шалқасынан көнді Құр босқа жасады Қасақана құлады
1-топ. «Кім жүйрік» ойыны. Жұмбақтар, мақалдар.
........ екі аяқты ....... үш аяқты (сәби, жастық,кәрілік) 2. .......... бәрі қашады .......... аспанды басады. (жұлдыз) 2-топ. Тұрақты сөз тіркесінің синонимін үстеумен жаз. Кірпік қаққанша – ( тез, лезде, шапшаң) Тайға таңба басқандай—(дәл, анық) 3-топ. Еріншекке (қашанғыдан? Қашанға?) оңай ? (Қашан?) тұрған жігіттің ырысы артық? 4-топ.
Көгорай, шалғын, бәйшешек Ұзарып, өсіп толғанда.
Ойнап, ........ күлуге. |
|||
Сергіту сәті 2 МИНУТ |
«Оң қол-сол қол» ойынын ойнату. Үстеу сөздер айтылғанда оң қолдарын, басқа сөз табынан болған сөздерді айтқанда сол қолдарын көтереді. Мысалы: Кітап, биыл; Ақылды - жоғары-төмен; Кешке қарай- жасыл; Сынып- анағұрлым; Бостан-босқа - әдейі; Мен- мұғалім; Қасақана- лезде; Ертең -оқулық. |
|||
Талдау 2 МИНУТ БАҒДАРШАММЕН БАҒАЛАУ |
Себеп-салдар үстеуіне тірек сызба құрыңдар, тұжырымдамасын жасаңдар. |
|||
Жинақтау Сауалнама алу ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ 5МИНУТ |
Тест сұрақтары арқылы бағалау. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. 1. Берілген сөз ішінен сын - қимыл үстеуін табыңыз?
|
|||
Үй тапсырмасы 1 МИНУТ |
1.Үстеулерді қатыстыра отырып «Білімді ұрпақ-жарқын келешек» тақырыбына шағын шығарма жазып келу. мәтін құрап келу. |
2. Сөзжұмбақ құру |
||
Бағалау 1 МИНУТ |
Бағалау парақшаларын үлестіру |
Өзін өзі бағалау |
||
Кері байланыс 2 МИНУТ |
Кулайхан Қурбанова
Сабақ жоспары өте жүйелі жасалған.Бәріміз үшін де Қожа бейнесі тым қызық бейне.Сол бейнені сабақ сәтіне ұтымды пайдаланғансыз."Оң қол.сол қол" жаттығу жасап сергітуге тиімді екен.Сәттілік
Гүлназ Молдабаева
Сабақ жоспары өте жақсы құрылған. Оқушылар қызығушылықпен қатысты. Рахмет