Өлең, жыр, ақындар

Халықтың көші-қоны

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы

Сарыкемер ауылы, Сарыкемер орта мектебінің

Тарих және география пәнінің мұғалімі: Мысықбаева Камшат Талғатовна

 

 

Сынып:-----------                                                           Күні:---------------

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы.

Сабақтың тақырыбы: Халықтың көші-қоны
Сабақтың  мақсаты: Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы ұғымның қалыптасуы. Халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсерін, оның маңыздылығын түсіну. Алған білімді өмірде дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету.
2. Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы ұғымның қалыптасуы және сипаттама жасай алуына мүмкіндік беру. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Оқыту технологиясы: топтық, жұптық, жеке.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: «Интерьвю», «Болжау» әдісі, «сұрақ-жауап», «Термин сөздермен жұмыс». «Ойлаудың 6 қалпағы»

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

1. Құралдар: А3 форматты қағаз.

2. Көрнекіліктер: мәтіндік тапсырмалар,оқулық, Қазақстанның картасы, ноутбук ғаламтор желісімен.

Пәнаралық байланыс: тарих,математика.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы білетін болады.
 

Сабақ барысы:

 

Уақыты

Жұмыстың түрлері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

5 мин.

 

І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сынып ахуалын қалыптастыру.

Біздің сынып қандай?

2.  Топтарға 1,2,3,сандық жетондар арқылы отырғызу.

3. Бағалау критерийлері: Топтағы белсенділіктері, топ пікірін құрметтеу,өте жақсы жауап -2 балл

4.  Өзіндік  пікірін жақсы жеткізу-1балл

1.Қима қағаздарды құрастыру арқылы  топтарға отырғызады.

2. Бағалау критерийлерімен таныстырады.

 

1. 3-4 оқушыдан 3 топқа отырады.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ-

2. Бағалау критерийлері бойынша сұрақтары болса қояды.

 

 

5 мин

ІІ  Үй тапсырмасы.

«Интерьвю» әдісі.

 

 

Топтан бір оқушы шығып 3 топтағы оқушылардан интерьвю алады,оған қызыл түсті сан түскен оқушы жауап береді.

Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады.

 

Оқушылар жеке сұрақтарға  жауап береді.

 

 

5 мин

Кім жылдам?

 

Оқушыларға сұрақ-жауап әдісі арқылы

Мысалы, мына суреттерге қарай отырып нені байқауға болады?

Бұл туралы не айта аласыңдар?

Жалпы адамдар бір жерде тұрақты қоныстанған ба?

ой қозғалайды.

Әр топ мүшелері қойылған сұрақтарға өз ойларымен бөліседі.

 

 

10 мин

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Болжау» әдісі

 

Оқушыларға суретте не бейнеленген? Неге? Не үшін? деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

 

Оқушылар өздерінің осындай психологиялық жағдаяттан қалай шығатындары жөнінде ойларын жеткізеді. Көші-қонның қажеттілігі мен ерекшелігі туралы ойларын ортаға сала отырып, ой түйеді.

5 мин

Термин сөздермен жұмыс

(топ қима  қағаз таңдау арқылы термин сөздерге мысал келтіреді)

 

Географиялық есеп

 

 

Иммиграция, эмиграция, реэмиграция, депортация, көші-қон сальдосы.

 

 

 

 

 

 Қаланың  орташа тығыздығы 500 мың адам. Бір жылдың ішінде 20 мың адам көшіп келді. Көші-қон сальдосы 12 мыңға тең.

Тапсырмасы:

Көшіп кету мен көшіп келу коэффициентін анықта.

Оқушылар топ болып, оқулықты және ғаламтор желісін пайдалана отырып, термин сөздердің мағынасын табады.

Оқушылар бүгінгі сабағымызға байланысты есепті формулаға қою арқылы шығарады.

 

5 мин

Топтық тапсырма. Картамен жұмыс.

Хат тарату арқылы 4 топқа тапсырманы таратып беремін.

 

Әр топ сайлаған басшыларымен ақылдаса отырып, өздерінің топсеруендегі адасқан жолдарын таба білудегі жолдарын қорғап шығады.

Әр топ оқушылары сұрақтарға жауап беріп,картамен жұмыс жасайды

5 мин

Қорытынды

«Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі.

Тақырып бойынша өзіндік пікір білдіру және қорытынды ой түю.

Сабақты қорытындылайды.

 

Оқушылар 6 қалпақты алып, қорытынды пікір білдіреді.

 

2 мин

VІ. Үй тапсырмасын беру.

 

Халықтың көші-қон оқу.

Осы тақырып бойынша 10 сұрақтан тұратын тест құрастыру.

Қосымша мәлімет іздеу.

Үй тапсырмаларын жазып кері әсер парағына бүгінгі сабақ бойынша ұнаған, ұнамаған және пікірлерін жазып қалдырады.

 

3 мин

VІІ. Бағалау.

 

Бағалау критерийлеріне сүйене отырып топ оқушыларын бағалу үшін бақылаушыға сөз беріледі.

Топ мүшелерін бағалап, себебін түсіндіреді

 

 

Бағалау парағы

 

Оқушының аты-жөні

«Интерьвю»

әдісі

2 ұпай

«Болжау»

Әдісі

2 ұпай

Сұрақ-жауап

2 ұпай

Термин сөздер

2 ұпай

Ойлаудың 6 қалпағы

2 ұпай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз